Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарына арнайы барып, мән-жайымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс нысанында ауыз су жіберу, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы мердігер мекеме өкілімен ауыл тұрғындарымен кездесті. Атқарылған жұмыстарды саралаған аудан басшысы жоспарланған жұмыстарды тез арада жүргізу қажет екенін атап өтіп, жауапты мердігер мекеме өкіліне және бөлім басшысына жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды.
Аудан әкімі жұмыс сапары барысында аталған ауылдық округте орналасқан №22 Елшібек батыр атындағы жалпы білім беретін мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, жауапты мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын сапалы және тамыз айының соңына дейін аяқтау қажет екенін ескертті.
Айта кетсек, ғимараттың терезелері түгел пластик терезелерге ауыстырылып электр жүйелері жаңартылған. Шатыр ағаштары толығымен қағылып, ғимараттың 1-2 қабаттарында жылыту трубасы орнатылды.Келесі кезекте есіктерін орнату, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізу жоспарлануда. Қабырғалар мен мектептің қасбеті түрлі-түске боялып, тамыз айының 28-не тапсыру жоспарлануда.
Мұнан соң аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген 19 тұрғын өз мәселелері бойынша жүгінді.
Атап айтқанда ауыз су мәселесі, коммуналдық тұрғын үй кезегі, жол мәселесі, әлеуметтік және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жолдады.
Аудан әкімі жеке қабылдауға жазылған әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, тиісті басшыларға нақты тапсырмалар беріп, өзінің тікелей бақылауында болатынын жеткізді. Оған қоса, тұрғындардың өтініш-тілектерінің ешбірі ескерусіз қалмайтынын айтып, бәрі заң аясында шешілетінін жеткізді.
Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Береке елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме өкілімен және елді мекен тұрғындарымен кездесіп, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Кездесу барысында […]
Сарыағаштық мектептердің бірінде орыс тілі пәнін өзі ежелеп оқитын мұғалім балаларға сабақ беріп келген, деп жазады Оtyrar.kz сайты. Бүгінде мектепте оқу процесі қарқынды жүріп жатыр. Бірақ «Отырар» телеарнасының тілшісі барғанда білім ошағының басшысы жұмыс уақтысында […]
Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Келес елді мекеніне арнайы барып, мептеп ғимаратының құрылысымен танысты. Құрылыс аумағының жалпы алаңы 0,5 гектарды құрайды. Қазіргі таңда, кәсіпкер Оспанкулов Марат Нуржанович өз қаржысы есебінен 200 орындық […]
Пікір қалдыру