Сарыағаш аудан әкімі Арман Абдуллаев «тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Сарыағаш қаласына қарасты Самал-3 мөлтек ауданында жеке инвестор есебінен салынып жатқан арендалық тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын бақылады.
Айта кетсек, аталған жоба аясында 1,2 және 3 бөлмелі 54 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жоспарланған. Тұрғын үйлердің іргетасы құйылып, кірпіш қалау жұмыстары аяқталып шатыры жабылған. Бүгінде, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Нысан басында болған аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне тұрғын үйлер аудан тұрғындарының игілігі үшін салынып жатқандықтан сапалы, берік болуы қажеттігін ескертті. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е. Қосмұратовқа құрылыс барысынды баяндап тұруды, бақылауды күшейтуді тапсырды.
Бұдан кейін аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласына қарасты Телемұнара шағын ауданында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстарының мән-жайымен танысты.
Қазіргі таңда, мектеп ғимаратының А, Г және В блогтарында кірпіш қалау, сыртқы ауланың топырақтарын нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарына 104 адам жұмылдырылған.
Келесі кезекте аудан әкімі А. Оспанов көшесінің бойындағы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 300 орындық білім ордасының құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.
Мектеп ғимаратының жер жұмыстары толығымен аяқталып, бүгінгі таңда ғимараттың бірінші қабатына кірпіш қалау және жертөледе сылақ жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс алаңында 30 адам жұмыс атқаруда.
Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан басшысы жауапты мердігер мекеме өкіліне құрыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді, жұмысшыларды 100-ден асыруды, сонымен қатар жоспарға сәйкес сапалы аяқтау қажет екенін жеткізді.
Биыл облыс көлемінде жалпы 114 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Оның ішінде, 41 үй, 2820 пәтердің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде. Ал 73 үй, 3611 пәтер жеке инвесторлар есебінен үйлестірілуде. Түркістан облысының әкімі […]
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ашылған жаңа дәрігерлік амбулаториясы Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округінде пайдалануға берілді. Айта кету керек, ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен аудандық […]
Сарыағаш ауданында 583 пәтер былтыр қолданысқа берілген. Арадан жыл өтсе де, әлі күнге сол баспаналардың 50 пайызында жан адам тұрмайды екен. Бұл жөнінде жергілікті қоғам белсендісі Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының ауданға іс-сапары барысында айтты. […]
Пікір қалдыру