АЭС — ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ СЕНІМДІ ЭЛЕКТР КӨЗІ

Қазіргі заманауи технологиялар энергияны көп қажет еткендіктен энергия көздерін зерттеу бүгінде маңызды бола түсуде. Ғылымның дамуымен қатар су электр станциялары мен жылу электр станцияларының, сондай-ақ қайта қалпына келетін энергия көздерінің рөлі электр энергиясын өндіруде күннен-күнге артып келеді.  Жақында ғана атом электр станциясын салу жөнінде  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылды.

«Атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналды. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшылар ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды.
Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз», — деді Президент.

Негізі бейбіт атом туралы айтылғанына 30 жылдай болып қалды. Тіпті көрші мемлекетпен бірлескен мәлімдеме сияқты ишаралар жасалды. Дегенмен саяси шешім қабылданбады… Не керек, биыл референдум өтпек. Дауыс беретін күнді белгілейтін жарлық ғана қалды. Қоғам АЭС салуға қарсы емес сияқты. Бірақ алаңдайтын дүниесі барын айтады. Қай елдің салатыны, сосын қыруар қаржының жұмсалуы. Осы екі мәселе толғандырады. Ал

Алдағы он жылдықта елімізде электр энергиясын пайдалану сағатына 152,4 млрд кВт болады деген болжам бар. Ал сол кезде қазіргі энергия көздерінің беретіні тозу, басқа да себептерден 135 млрд кВт-ң айналысында болмақ. Қазір электр энергиясының басым бөлігін көмір станциялары береді, 66 процент. Энергияның үздіксіз шығаратын табиғи қайнар көздердің үлесі 6 процент ғана. Ядролық энергетика электр энергиясының тұрақты және сенімді көзі. Елдің энергияға сұранысын жабуға өте қажет.

Қазіргі таңда еліміздің электр энергиясы қауіпсіздігін шешу биліктің алдында кезек күттірмейтін мәселе. Егер бұл мәселе оң шешім таппаса, онда билікке кім келсе де Қа­зақ­станның алдағы он жылдық да­муы туралы ауыз ашу қиын.  Яғни, аталмыш алпауыт жоба бізге қажет-ақ.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*