Жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивтік мінез-құлық, өз-өзіне қол жұмсау және зорлық- зомбылықтың алдын алу мақсатында Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы, Еңбекші а/о, “Шұғыла”ЖББМ-нің 10 сынып оқушыларымен “Мен және қоғам” атты семинар-тренинг өткізілді.
Мақсаты: өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру, жағымды өмірлік мақсаттарға жету мотивациясын дамыту.
Сонымен қатар, Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің және Мақтаарал ауданының полиция бөлімінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 5 қыркүйек күні мектеп -акт залында 11-сынып оқушыларына «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Жиынның басты мақсаты – білім беру ұйымдарында қылмыстық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын жүзеге асыру.
Мақтаарал ауданының полиция бөлімінің қызметкері учаскелік полиция инспекторы Құрбанов Ахат құқықбұзушылық профилактикасы бойынша түсіндіру жұмыстарымен қатар заң талаптарын баяндады.
Сонымен қатар көлік ағымының артуына байланысты жолдарда кең таралған электр скутерлері мен мопедтер жолда жүру ережелеріне қауіп төндіруде екендігін және жол қозғалыс ережелері бұзылған жағдайда олардың ата-аналарына еліміздің әкімшілік заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылатындығын ескертті.
Бүгінгі таңда энергия алудың ең жақсы нұсқасы — Атом энергиясы. Өйткені, оның келесі артықшылықтары бар: экологиялық таза, үлкен қуат, сонымен қатар дұрыс пайдаланылған жағдайда үнемділік. Дәстүрлі жылу электр станцияларымен салыстырғанда Атом станциялары отын шығынында артықшылықтарға […]
Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына «Nur Otan» партиясының 40 тоннадан астам гуманитарлық көмегі келіп жетті. Бұл көмек «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бастамасымен «Біз біргеміз» акциясы бойынша жолданып отыр. Тұрғындарға бірінші кезектегі […]
2019 жылдың ақпан айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда 14 лауазымды тұлғаның тәртіптік ісі қаралып, отырыс қорытындысымен Әдеп кодексінің талаптарын сақтамаған 8 лауазымды тұлғаның […]
Пікір қалдыру