Мақтаарал ауданындағы ауыл әкімдерінің Жер заңнамасына «түкіргені» бар ма?

2019 жылдың ақпан айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі
Кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда 14 лауазымды тұлғаның тәртіптік ісі қаралып, отырыс қорытындысымен Әдеп кодексінің талаптарын сақтамаған
8 лауазымды тұлғаның тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылып, ал қалған 6 қызметкерге қатысты қозғалған тәртіптік іске тәртіптік жаза қолдану мерзімі өтуіне
байланысты тоқтатылған.

Иә, Кеңес отырысының қортындысынан Мақтаарал ауданында ауыл әкімдері жұрттарға жер беру мәселесінде, жер заңын ескере бермейтінін аңғардық. Оған себеп, жиында Жер заңнамасы талаптарын сақтамаған мақтааралдық 5 (біреуі экс-ауыл әкімі) ауыл әкімінің мәселесі талқыланып, Кеңес мүшелерімен оның төртеуіне «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылған. Олар: Еңбекші ауылы әкімі Б.Агенов, А.Қалыбеков ауылы әкімі М.Битеміров, Мырзакент кенті әкімі М.Ердешов және Атакент кенті әкімі С.Азимов.

Десе де,  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі жоғарыда аттары жазылған ауыл әкімдері нақты қандай талаптарды орындамағаны жөнінде ашып жазбады.

Ал бесіншісі, яғни бұрынырақ Ж.Нұрлыбаев ауылдық округін басқарған А.Абдиев, жасаған заңбұзушылықтары үшін бір «ескертумен» құтыла алмайтын секілді.  Бүгінде Мақтаарал ауданы ветеринария бөлімінің басшысы болып қызмет етіп жүрген  Абдиев, Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ тұлғаға және қайтыс болған азаматқа жер табыстау туралы шешім шығарған.  Яғни ол, өлген адамға және шетел азаматына жер берген!

Қызық, сонда А.Абдиевтің өлген адамға жер беретіндей, арғы дүниемен байланысы бар ма? Әлде «өлі разы болмай, тірі баймайды» деген қағиданы ұстанып шешім шығарды ма екен? Олай болса, Қазақстан Республикасының азматы емес, адамға жер беру жайлы шешім шығарғанда, қандай қағидаға сүйенді екен?

Бастысы,  Абдиев мырза бұл заңсыздыққа барардан бұрын, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын білді ғой. Енді өзі ауыл әкімі болса, көзі ашық, заңдарды жақсы білетін азамат болуы тиіс. Әсіресе Жер заңнамасын! Себебі шешім шығаратын лауазым иесі болғаннан кейін білуі керек қой.

Өзінің бұл құқықбұзушылығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын біле тұра, осындай қадам жасайтын ол жүрек жұтқан «батыр» ма? Әлде, біреуге сенді ме? Егер сенген болса, сенген адамы үддесінен шыға алмады. Өйткені, Әдеп жөніндегі кеңес Абдиевтің мәселеі бойынша облыстық Ұлттық бюро департаментіне тиісті
проецессуалдық шешім қабылдау үшін бірауыздан шешім қабылдады.

Десе де, Әдеп жөніндегі кеңестің осы отырысынан кейін, «Мақтаарл ауданындағы ауыл әкімдерінің Жер заңнамасына «түкіргені» бар ма» деген сауал көкейде жауапсыз тұрғаны рас. Біздіңше бұл сұрақ бізді ғана емес, аудан әкімі Бақыт Асановты да мазалау қажет секілді…

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*