Мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі болған «Конституция күні» мерекесінде Жетісай ауданында 90 отбасыға баспана кілтін тапсырып, үздік қызметкерлерді марапаттадым.
Еліміздің өркендеп дамуының басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата Заңды құрметтеу, қастерлеуді міндетім әрі парызым деп білетін елжанды азаматтардың бүгінгі өнегелі істерін өскелең ұрпаққа үлгі етуді көздеген мерекелік шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Талғат Қаржауов, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты. Жұртшылықты айтулы күнмен құттықтадым.
Сонымен қатар, мерекелік шара барысында тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға сату құқығынсыз 90 үйдің кілтін табыс еттім.
Өткен жылы республикалық бюджет пен Ұлттық қордан қаралған 862 млн 331 мың теңгеге халықтың әлеуметтік осал топтары үшін әлеуметтік 90 тұрғын үй сатып алынған болатын. Биылғы жылы мемлекеттен бөлінген 1 млрд 404 млн теңге жаңадан салынған тағы 90 үйді сатып алу жоспарланып отыр.
Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты. Еуразияның жүрегіне орналасқан Елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды. Кез-келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын басты құжаттың айтулы мерекесінде аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, мың бұрала би биледі. Жетісай аспанын күймен көмкерді. Келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жетісай ауданы тұрғындарының түрлi тақырыптағы арыз-шағымдарына партия атынан қандай да бiр көмек көрсету, мәселелерiнiң шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Қырықбаев Темір Базарбайұлы мен Байтілесов Нұрсұлтан Төленұлы «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық […]
Шымкент жыл басынан бері 48 жетім бала баспаналы болды. Бұл туралы қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі 1698 балалар тұрғын үй кезегінде есепте […]
Аграрлы өлкенің ең өзекті мәселесі – ағын су тапшылығы. Соңғы жылдары Жетісай және Мақтаарал аудандарындағы егістік алқаптар «Достық» магистральды каналы арқылы жеткізілетін судың мөлшері айтарлықтай азайып отырғаны байқалуда. Бұл – ауыл шаруашылығы басты тірек болған […]
Пікір қалдыру