Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының, Мақтаарал ауданының учаскелік референдум комиссиялары мүшелерін каскадты әдіс бойынша оқу семинарларын өткізу кестесіне сәйкес, Атакент кенті әкімі аппаратының акт залында Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен «Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері» тақырыбында Мақтаарал ауданының 26 учаскелік референдум комиссиялары мүшелеріне оқыту семинары өткізіледі. Оқыту семинарға 200-ге жуық комиссия мүшелері қатысты.
Семинарда Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының хатшысы Г.Калдарбеова тыңдаушыларға 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу және өткізудің ұйымдастырушылық аспектілерін түсіндірді. Сонымен қатар, республикалық референдумды өткізудің құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді түсіндіріп өтті.
Кездесуде Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Д.Ерімбетов республикалық референдумды өткізу кезінде ақпараттандыру, байқау және үгіт мәселелері, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерге тоқталып, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарын түсіндіріп өтті.
Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Д.Ерімбетов оқыту семинарды қорытындылай келе барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинарда қатысушылар өздерінің сұрақтарына жауаптар алып, учаскелік референдум комиссияларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы бірыңғай заңнама бойынша тест тапсырды.
Президенттің Жолдауында өңірлерді дамыту және инвестиция тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы жауапкершілік тек орталық билікке емес, жергілікті басшыларға да жүктелуі тиіс екені айтылды. Әр өңірдің әкімдері белсенділік танытып, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарды […]
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов бастаған аудан әкімдігінің ұжымы тікелей эфирден тамашалады. Жалпы мақтааралдықтар Президенттің Жолдауында […]
2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап берді. Әлемдік экономикалық ахуалдың өзгеруіне байланысты Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар екі бағыт — транзиттік әлеуетті күшейту […]
Пікір қалдыру