Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының, Мақтаарал ауданының учаскелік референдум комиссиялары мүшелерін каскадты әдіс бойынша оқу семинарларын өткізу кестесіне сәйкес, Атакент кенті әкімі аппаратының акт залында Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен «Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері» тақырыбында Мақтаарал ауданының 26 учаскелік референдум комиссиялары мүшелеріне оқыту семинары өткізіледі. Оқыту семинарға 200-ге жуық комиссия мүшелері қатысты.
Семинарда Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының хатшысы Г.Калдарбеова тыңдаушыларға 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу және өткізудің ұйымдастырушылық аспектілерін түсіндірді. Сонымен қатар, республикалық референдумды өткізудің құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді түсіндіріп өтті.
Кездесуде Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Д.Ерімбетов республикалық референдумды өткізу кезінде ақпараттандыру, байқау және үгіт мәселелері, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерге тоқталып, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарын түсіндіріп өтті.
Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Д.Ерімбетов оқыту семинарды қорытындылай келе барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинарда қатысушылар өздерінің сұрақтарына жауаптар алып, учаскелік референдум комиссияларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы бірыңғай заңнама бойынша тест тапсырды.
Қазіргі заманауи технологиялар энергияны көп қажет еткендіктен энергия көздерін зерттеу бүгінде маңызды бола түсуде. Ғылымның дамуымен қатар су электр станциялары мен жылу электр станцияларының, сондай-ақ қайта қалпына келетін энергия көздерінің рөлі электр энергиясын өндіруде күннен-күнге […]
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөз сөйлеп, түркі әлемі елдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, экономикалық ықпалдастықты тереңдету және көлік-логистика саласындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеру мәселелерін басты назарға алды. Мемлекет басшысы 2040 жылға […]
Президенттің Жолдауында өңірлерді дамыту және инвестиция тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы жауапкершілік тек орталық билікке емес, жергілікті басшыларға да жүктелуі тиіс екені айтылды. Әр өңірдің әкімдері белсенділік танытып, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарды […]
Пікір қалдыру