Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов бастаған аудан әкімдігінің ұжымы тікелей эфирден тамашалады.
Жалпы мақтааралдықтар Президенттің Жолдауында айтылған тың бастамаларды зор ықыласпен қабылдады. Әсіресе, ақша-несие, салық саясатына қатысты, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту, агроөнеркәсіп кешендеріне инвестиция тарту, инфрақұрылымды, көлік-логистика секторын дамыту, ирригациялық жүйелер мен су шаруашылығы мәселелерімен мұқият айналысу, кадрлық әлеуетті арттыру, ұлт саулығын нығайту, экологиялық ахуалды жақсарту, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру, қоғамда заң және тәртіп идеологиясын орнату сияқты Мемлекет басшысы көтерген мәселелер мен бастамалар ауданымыздың дамуына тың серпін беретіні сөзссіз.
Айта кетейік, Президенттің Жолдауын Мақтаарал ауданының дербес бөлімдері, кенттер мен ауылдық округ әкімі аппаратының ұжымдары және басқа да мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік мекемелердің ұжымдары жұмыс орындарында тамашалап, өзара пікірлер алмасты.
Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуға тиіс. Бұл – ең алдымен, ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным. […]
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөз сөйлеп, түркі әлемі елдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, экономикалық ықпалдастықты тереңдету және көлік-логистика саласындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеру мәселелерін басты назарға алды. Мемлекет басшысы 2040 жылға […]
Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының, Мақтаарал ауданының учаскелік референдум комиссиялары мүшелерін каскадты әдіс бойынша оқу семинарларын өткізу кестесіне сәйкес, Атакент кенті әкімі аппаратының акт залында Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен «Республикалық референдумды ұйымдастыру және […]
Пікір қалдыру