«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында биылғы жылдың басынан бері ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстар мен тұрғындардың өтініштерінің орындалуы бойынша Жетісай ауданының әкімі Серік Ұсенұлы Мамытовтың есептік кездесуі Асықата кентінде қорытындыланды.
Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Бақыт Жаңбырбаев, аудандық полиция бөлімінің инспекторлары мен аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары, жергілікті тұрғындар қатысты.
Бірінші тоқсанда Асықата кентінің тұрғындары тарапынан айтылған 8 мәселенің 5-і өз шешімін тапқан болса, 3-і бойынша арнайы іс-шара жоспары бекітіліп тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Нақты айтар болсақ, аудан әкімдігінің ықпалымен «Багара-Мақта» мақта өңдеу зауытының мұржаларына шаң-тозаңды сыртқа шығармайтын фильтрлер (пыльная камера) орнатылған.
Кент тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін «Alligator group» ЖШС мекемесіне хат жолданып, тәулік бойына ауыз суды тоқтаусыз беруді жөнге қою, тұрғындардың өтінішімен Дулатов, Тойжанов, Тілеубаев, Маметова, Абай, Таспанбетова, Әуезов, Бапышев, Бейбітшілік, Досымов көшелеріндегі заңсыз қойылған жол кедергілері алып тастау бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілген. Кенттегі интернет байланысын жақсарту мақсатында «Ксell» АҚ компаниясы тарапынан Асықата кентінде 4G стандартымен қамтылған базалық станция модернизациядан өтуде.
Аудандық «Асықата» ауруханасының кәріз жүйелерін жөндеуден өткізу, көшелерге бейнебақылау камераларын орнату, саябақтарды күтіп ұстауға қатысты айтылған өтініштер бойынша да тиісті жұмыстар қолға алынып, Абылқасымов, Қалыбеков көшелеріндегі көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларынан балалар ойын алаңшалары салынған. Досымов көшесіне су қашыртқыларын салуға 17,4 млн теңге бөлініп жұмыстар басталса, Дулатов, Жаңақұрылыс, Аубакиров көшелеріне су қашыртқыларын салуға 19,4 млн теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Ал, Қазыбек би мен Дулатов көшелеріне аяқ жол салынса, бюджеттен бөлінген 17,1 млн теңгеге Б.Момышұлы, Ғ.Мүсірепов, О.Бапышев, К.Тілеубаев, Досымов, Н.Оңдасынов, Ы.Алтынсарин, Амангелді және Ж.Аубакиров сынды 9 көшеге жарықтандыру шамдары орнатылған.
Кездесу барысында кент тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға кезекпен жауап берген аудан басшысы мәселесін жеке айтамын деушілер үшін жеке қабылдау өткізді. Айтылған әрбір ұсыныстар мен өтініштердің аяқсыз қалмайтынын айтып, тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді. Орындалуын өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларының, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен квазимемлекеттік мекеме басшыларының, кірістер басқармасы мен полиция, қорғаныс істері бөлімдерінің басшылары қатысқан […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен бүгінде үрдіске айналған сенбілік жұмыстары ауданның көркеюіне өзіндік үлесін қосуда. Бүгін аудандағы қала, кент, барлық ауылдық округтерде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында өткен сенбілік жұмыстарына мемлекеттік және квазимемлекеттік […]
Ұлттық спортты дамыту – жас буынның тарихи санасын жаңғыртудың тиімді әрі нәтижелі жолы. Тарихи сана қалыптаспайынша мемлекетшілдік сананың орнықпайтынын, ал, тарихи сананың тұғыры ұлттық болмыстан бастау алатынын жақсы білетін Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың қолдауымен […]
Пікір қалдыру