Әліпбек Шәріпбекұлы 1961 жылы 20 тамызда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы, Балтакөл ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1983 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген. Мамандығы бойынша – химик-технолог.
Еңбек жолын 1983 жылы Қарағанды асбест-цемент зауытының машинисі болып бастаған. 1983-2005 жылдары құрылыс саласында еңбек етіп, 2007 жылдан бүгінгі күнге дейін Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің меңгерушісі, Кентау қаласы әкімінің орынбасары, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, Түркістан қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Түркістан қаласының әкімі, Ордабасы ауданының әкімі қызметтерін абыроймен атқарды.
Қоғамға сіңірген еңбегі үшін Әліпбек Өсербаев бірнеше мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, «Құрмет» орденінің, «Астана қаласына – 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медальдарының иегері.
Пікір қалдыру