«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Түркістан қаласының мәдениет күндеріне орай, Түркістан «Халық театры» «САФ АЛТЫН АРЫСТАР» көрінісін сахналады. Сондай-ақ, мәдени шарада қала тұрғындары мен қонақтары арқан тарту, қазақша күрес, асық ату, ләңгі тебу, қошқар көтеру, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен сайыста бақ сынады.
Жиында сөз алған Түркістан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев мәдени шараға қатысушыларға алғысын айтып, спорт сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.
Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр. Осының негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін қалады. Бұл бертін келе шынайы спорт түрлерінің шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан оларды ұлықтау – ұрпақ парызы.
Айта кетейік, бүгін сағат 19:00-де «Керуен Сарай» туристік кешенінде көркем өнерпаздар мен эстрада жұлдыздарының қатысуымен Гала-концерт өтеді. Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарын көңілді кештің қонағы болуға шақырамыз!
Түркістан қаласында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясындағы жалпықалалық сенбілік өтті. Шараға ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, қала тұрғындары мен еріктілерден тұратын 1000-нан аса азамат қатысты. Қала аумағындағы Ә.Жангелдин, Б.Майлин, Сапарбай болыс, Баялиев, Шойынбет би, Яссы, […]
Өңірлік Коммуникациялар қызметінде Түркістан қаласы әкімдігінің сала басшылары жылу маусымына қатысты баспасөз-брифингін өткізді. Белгіленген нормативтерге сәйкес, қала әкімінің қаулысымен Түркістан қаласында 20 қазаннан бастап жылу беріледі. Қазіргі таңда қала бойынша көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелерде […]
Бүгін Түркістандағы облыстық жастар ресурстық орталығында «Ұлағатты ұрпақ» жобасы аясында республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараевпен кездесу өтті. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған кездесуде Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетінің журналистика […]
Пікір қалдыру