Өңірлік Коммуникациялар қызметінде Түркістан қаласы әкімдігінің сала басшылары жылу маусымына қатысты баспасөз-брифингін өткізді.
Белгіленген нормативтерге сәйкес, қала әкімінің қаулысымен Түркістан қаласында 20 қазаннан бастап жылу беріледі. Қазіргі таңда қала бойынша көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелерде қысымдау, шаю жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, әкімдік жұмыс жүргізілу барысында үйде болуларыңызды және жауапкершілікпен, мұқият қарауларыңызды сұрайды. Апаттық жағдай орын алған жағдайда жедел қызмет көрсету бригадасын шақыру үшін 109 колл-орталығына хабарласуға болады.
Биылғы жылғы жылыту маусымына дайындық барысында мекемеге қарасты 17 жылу қазандығы мен 55,3 шақырымдық жылу құбыры тексеруден өтіп, қысымдау жұмыстары жүргізілген. Жылу қазандықтарының негізгі отын түрі – табиғи газ.
Қаладағы 219 көпқабатты тұрғын-үй, 65 әлеуметтік нысан, 60 кәсіпкерлік нысан, 33 жер теліміндегі үйлер жылу жүйесімен қамтылады. Шаһардағы автономды көпқабатты тұрғын үйлер саны 160-ты құрайды.
Бұл туралы брифингке қатысқан Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков, Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы Нұрлан Тілеш және «Жылу» КММ басшысы Ерғазы Рысбеков баяндады.
Бүгін Түркістандағы «Түркістан арена» стадионында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада басталды. Дүбірлі сынның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, былтырғы республикалық спартакададағы жеңісті жол биыл да жалғасын тапсын деген тілегін жеткізді. […]
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласының Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, қала тазалығы мен сәулетін сақтау, сондай-ақ рұқсат етілмеген орында сауда жүргізу мәселелеріне қатысты рейдтік шаралар өткізілді. Бұл шаралар аясында қала тұрғындарының мүддесін қорғау, […]
Түркістан қаласында туризм мен қызмет көрсету саласындағы үздіктерді анықтауға арналған дәстүрлі «Qayda Премия by Tourism Awards» салтанатты кеші өтті. Қаладағы үздік орындар мен қызмет көрсету нысандарын бір алаңға жинаған бұл шара жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға, туризм […]
Пікір қалдыру