Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық эклологиялық шарасы бүгін жоғары деңгейде өтті.
Жетісай қаласын ұлғайтуға арналған 80 га жер теліміндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына жүргізілген экологиялық шараға Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов бастаған мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.
«Жетісай қызмет» мекемесінің 2 жүк көлігі жұмылдырылған аталмыш сенбілік аясында мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметкерлер өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізсе, көппәтерлі үйлердің іргелік жерлерінің шөптері шабылды, күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартылды.
Сондай-ақ, қала, кент және барлық ауылдық округтерде де өткен жаппай сенбілік жұмыстарына аудан тұрғындары, көшелер мен елді мекендердегі тазалықты сақтауға жұмылдыру ісінде аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, жергілікті әкімдер мен тұрғындар белсенділік танытып, жер-жерлерде арнайы бекітілген кесте негізінде жұмыстар жүргізілді. Саябақтар мен көшелер, арық-атыздар, автокөлік жолдарының жиегі тазаланды. 250-ге тарта адам мен 11 техника жұмылдырылып, 25 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Биылғы жылдың басында Қарақай ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуімде өзекті деген 6 мәселе көтеріліп, оның 4-і шешімін тапса, қалған 2-і орындалу үстінде. Нақтырақ айтар болсам, Кетебай елді мекеніндегі егістік жерлердегі сарқынды суларды қашырту үшін 2 […]
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты дәстүрлі Жолдауын тікелей эфирден тыңдадық. Мемлекет басшысының биылғы «Жаңа экономикалық саясат», «Нақты секторды дамыту», «Ел болашағына арналған […]
Жаңа ауыл ауылдық округі аумағында орналасқан кәріз тазарту жүйесінен (КОС) шығатын жағымсыз иіс бойынша «Жетісай су» МКК тарапынан кәріз жүйелері тазартылып, Жаңа ауыл, Қарой, Ынтымақ, Атақоныс ауылдарының ауыз суының құрылысы өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. 2025 […]
Пікір қалдыру