Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық эклологиялық шарасы бүгін жоғары деңгейде өтті.
Жетісай қаласын ұлғайтуға арналған 80 га жер теліміндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына жүргізілген экологиялық шараға Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов бастаған мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.
«Жетісай қызмет» мекемесінің 2 жүк көлігі жұмылдырылған аталмыш сенбілік аясында мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметкерлер өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізсе, көппәтерлі үйлердің іргелік жерлерінің шөптері шабылды, күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартылды.
Сондай-ақ, қала, кент және барлық ауылдық округтерде де өткен жаппай сенбілік жұмыстарына аудан тұрғындары, көшелер мен елді мекендердегі тазалықты сақтауға жұмылдыру ісінде аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, жергілікті әкімдер мен тұрғындар белсенділік танытып, жер-жерлерде арнайы бекітілген кесте негізінде жұмыстар жүргізілді. Саябақтар мен көшелер, арық-атыздар, автокөлік жолдарының жиегі тазаланды. 250-ге тарта адам мен 11 техника жұмылдырылып, 25 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Қазіргі таңда әлемде 415 АЭС жұмыс істеп тұр. Тіпті, көршілес Ресейдің өзінде 36 АЭС жұмыс жасауда. Одан бөлек, тағы 8 станцияның құрылыс басталуда. Осы саланы қадағалайтын халықаралық МАГАТЭ деген ұйым бар. Ол — әрбір станциясының […]
Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтбаев елді мекенінде сүт өнімдерін өндіретін «МЕДЕТ СҮТ» ЖШС өз жұмысын бастады. Аталмыш цех 1 тәулікте 30 тоннаға дейін сүтті өңдей алады. Қазіргі таңда күніне 3-5 тонна аралығында сүтті […]
«Баспанаға жол» қоғамдық қайырымдылық қоры арқылы 17 отбасыға баспаналы болу бақытын сыйлады. Баспана кілтін тапсыру рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаты Талғат Қаржауов, Жетісай ауданының […]
Пікір қалдыру