«Баспанаға жол» қоғамдық қайырымдылық қоры арқылы 17 отбасыға баспаналы болу бақытын сыйлады.
Баспана кілтін тапсыру рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаты Талғат Қаржауов, Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен кәсіпкер-меценат Бахаридин Аблазимов, Жетісай аудандық мәслихатының төрағасы Медет Қасымов пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров қатысып, баспаналы болған азаматтарды құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді. Баспананың бой көтеруіне атсалысқан азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.
– Бүгін тамаша сәттің куәсі болып отырмыз. Қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған текті халық екені белгілі. Тәуелсіз елдің бүгінгі азаматтарының ішінде қанға сіңген қасиетті, ата дәстүрді жалғастырып, дәріптеп келе жатқандары да баршылық. Көптің көмегімен мереке қарсаңында баспанаға шын мұқтаж отбасылар қуанышқа кенеліп отыр. Қоныс құтты болсын! – деді Бейсенбай Дәулетұлы.
«Жаннат сарайы» деп аталатын қос қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы 2022 жылы басталған. 16 пәтердің 12-сі екі бөлмелі болса, 4-і үш бөлмелі. Құны 350 млн теңгені құрайды.
2015 жылдан бері жұмыс жүргізіп келе жатқан «Баспанаға жол» қоғамдық қайырымдылық қоры 9 жылда 29 әлеуеті әлжуаз отбасыларды үйлі еткен. Бүгінгі шара барысында тағы бір көпбалалы анаға 17-ші баспана сыйға тартылды.
Қор мүшелері баспананың ішін қажетті жиһаздармен, азық-түлікпен және күнделікті тұтыну заттарымен, отбасы мүшелерін киім-кешекпен қамтамасыз еткен. Баспаналы болған жандар жомарт жандарға алғысын жеткізді.
Айта кетейік, халқы тығыз орналасқан Жетісай ауданында баспанаға мұқтаж жандардың, соның ішінде жас мемлекеттік қызметкерлермен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім балалар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген отбасылар мен жалғызбасты, көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселелерін шешеуге айқын бетбұрыс жасалып отыр.
Спорт – денсаулық кепілі. Мемлекетімізде ел тұрғындарының арасында дене шынықтыру мен спорт саласын кеңінен насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуінің нәтижесінде спортты жанына серік етіп, түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға жетіп жүрген жасөспірімдердің саны […]
Жетісайлық шаруалар биылғы жылы 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,8 мың гектарына мақта шитін сепсе, 20,1 мың гектар жерге бақша, 7,2 мың жерге дәндік жүгері, 3,3 мың га жерге көкөніс пен 6,3 мың гектар алқапқа […]
Өздеріңізге жақсы мәлім, 2024 жылдың 2-ші қыркүйегі күні Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының басты тоғыз бағытын атап өтті. Төртінші бағыты инфрақұрылымға […]
Пікір қалдыру