ЖЕТІСАЙ: ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасына сәйкес қала, кент, ауылдық округ тұрғындары мен мектеп оқушыларының жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға бюджеттерден қажетті қаржылар бөлінген. Жоспарға сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдері ұйымдастырылып, бүгінде жеңімпаз мердігер мекемелермен бекітілген жүйелік кесте бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Нақтырақ айтар болсақ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық маңызы бар КХ-75, КХ-117, КХ-27, КХ-86, КХ-96 автомобиль жолдары бойындағы білім беру ұйымдарының, яғни, мектептерге өтетін жол бойларына 23 жерге стандартқа сай жаяу жүргінші өткелдерін таңбалау жұмыстары жүргізілді.
Одан бөлек, бюджет есебінен бөлінген қаражаттарға облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелеріне стандартқа сай жасанды жол кедергілері, қажетті жерлерге 60-тан астам жол белгілерін орнату жұмыстары да жүргізілуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*