ЖЕТІСАЙ: 40 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖЕРГЕ МАТА ЕГІЛДІ

Негізгі табысы мен күнкөрісі агросектормен тікелей байланысты Жетісай ауданында биыл 79,3 мың гектар жерге егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының 40,8 мың гектарға жуығы мақта дақылы болса, 19,7 мың гектары бақша, 3,4 мың гектары көкөніс, 7,3 мың гектары дәндік жүгері мен 6,6 гектар егістігі мал азықтық дақылдары. Егілген ауыл шаруашылығы дақылдарынан 544,5 мың тонна бақша, 88,3 мың тонна көкөніс, 40,3 мың тонна дәндік жүгері мен 99,2 мың тонна мал азықтық өнімдері алынған.
Науқанның басталуына орай аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов егістік алқапқа арнайы барып, шаруалармен тілдесті. Қытайлық сорттың өнімділігі мен сапасын көрді. Тиімді тұстарын бірге талқылады.

Ауданда мақта терім науқанын алғашқы болып бастағандардың бірі осыдан 21 жыл бұрын диханшылыққа ден қойып, несібесін Жер-Анадан жинауды кәсіп еткен Қызылқұм ауылдық округінде орналасқан «Айдар» шаруа қожалығының төрағасы Ербол Айтуғанов.
Иелігіндегі 14 гектар жерге Қытайдың «60» сортының шитін сепкен шаруа биыл гектарынан орта есеппен 50 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр. Өйткені, бұл сорттың бұған дейінгі мақта сорттарына қарағанда талшығы көп, шиті аз. Агротехникалық шаралары дұрыс жүргізілсе мол өнім алу мүмкіндігі де жоғары. Жаңа сорттың мол өніміне сенім артып, өткен жылы лизингке 1 комбайн мен 3 трактор алған Ербол баға дұрыс болса дегенді айтады.
«Ағын судан, минералды тыңайтқыштардан биыл қиындық көрмеуіміздің нәтижесінде өнімділік жақсы. Алдын біз «Сұлтан», «Мақтаарал», «Бұқара» деген сорттарды егетін едік. Өнім 20-25 центнерді құрайтын, құрт жейтін.
Биыл Қытайдың «60» деген сортын ектік, құрт та жемеді. Гектарынан 50 центнерге дейін өнім аламыз деп жоспарлап отырмыз» дейді «Айдар» шаруа қожалығының төрағасы Ербол Айтуғанов.
Өткен жылы 45 мың гектарға мақта шитін сеуіп, 122 мың тонна ақ ұлпа жинаған жетісайлық шаруалар биылғы жылы да сол межені орындауға ниетті. Өйткені, өнім сапасын арттырып, ағын суды үнемдеудің тиімді технологиясы саналатын тамшылатып суғару әдісі биылдың өзінде 2 мың гектарға артқан. Оның 300 гектардан астамы мақта дақылын өндірушілердің еншісінде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*