Түркістан қаласында 16-19 қыркүйек күндері олимпиадалық стандартқа сай жаңа ескек есу арнасында параканоэда есуден (тірек-қимыл аппараты зақымдалғанадамдарға арналған ескек есу түрі) Қазақстан Республикасының Ашық Кубогін сарапқа салған жарыс аяқталды.
10 түрлі бағдарлама бойынша өткен жарысқа көршілес Өзбекстан, Астана, Шымкент, Қарағанды және Түркістан облысының параканоэшілері қатысып, өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы бәсекенің нәтижесінде Түркістан облысының құрамасы 3 алтын, 1 күміс медальді иеленсе, Астана қаласының командасы 1 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдеге қол жеткізді. Ал Шымкент қаласының спортшылары 2 алтынды өз аттарына жазса, өзбекстандық құрама 4 алтын, 6 күміс және 4 қола медальді еншіледі. Сондай-ақ, Қарағанды спортшылары жалғыз қоланы місе тұтты.
Спорттық бәсекенің жабылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, сайыс қорытындысында жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларды құттықтады. Сондай-ақ аталған жарысқа Халықаралық байдарка және каноэда есу федерациясының (ICF) вице-президенті, спорттық басқару профессоры Сесилия Фариас арнайы келді. «Түркістандағы ескек есу каналында алғашқы сайыс ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Бүгінгі бәсекеге еліміздің басқа өңірлерімен қатар көршілес Өзбекстаннан спортшылар қатысып отыр. Түркістан облыс әкімдігі тарапынан спорттық жарыстарға қолдау көрсету жалғасады. Ескек есу каналының құрылысы толық аяқталса, Орталық Азиядағы үздік спорт кешендердің бірі болмақ. Мұнда ескек есу спортынан жарыстар өткізіп, туризмді дамытуға мүмкіндік тумақ. Облысымызда спорт саласындағы жетістіктер арта берсін», – деді облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы.
Түркістан облысының орталығы – қасиетті Түркістан қаласы Тәуелсіздік күні қарсаңында мерекелік рухқа бөленіп, көк түсті туға оранған көшелерімен ерекше көзге түсуде. Қала басшылығы мен жергілікті қауымдастықтың бірлескен еңбегінің нәтижесінде, мерекелік безендірулер қаланың әр түкпірінде айқын […]
Түркістан қаласында Қазбек би көшесі мен Жарылқапов көшелері арасындағы жол күрделі жөндеу жүмыстары жүргізіліп жатыр. 2024 жылға арналған жоспар бойынша, қалада 47,1 шақырымды құрайтын 45 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 41,7 шақырымдық 40 […]
Жаз — бұл баланың күндерін жарқын әсерлерге толтырып, ойын, саяхат және таным арқылы әлемді танытудың тамаша уақыты. Егер сіз Түркістан қаласында тұрсаңыз немесе осында сапар шегуді жоспарласаңыз, балаларға арналған қызықты әрі пайдалы орындардың көптігіне таң […]
Пікір қалдыру