“ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ”: ҚАЛА ӘКІМІ ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Шымкентте республикалық акцияның “Өнегелі ұрпақ” апталығы аясында тазалық шаралары жүргізілді. Акцияға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Үлкен де, кіші де, қайраткер де барлығы тазалық акциясына белсінді қатысуда. Тазалық жұмысы тек тазалықпен шетелмей, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, апталықты айшықтай түсті.  Мегаполис басшысы қазыналы қарттарымызбен, қала тұрғындарымен және еріктілермен бірге тұрғын үй аумағын тазалады. Акция барысында шөп орып, айналаны қоқыстан тазартты және ағаш ақтады.
 Сонымен қатар, экологиялық шара аясында қала жастары, мәслихат депутаттары мен белсенді азаматтар қарттар үйіне барып, ауласын абаттандырды. Ал, демеушілер қайырымдылық көмек көрсетті.
 Сондай — ақ, қала әкімінің орынбасары С.Құранбек бастаған азаматтар 100-ге келген ҰОС ардагері Нина Мосунованың үйіне барып, ауласын тазалады. Белсенділер ағаш түбін қопсытып, қораларын сырлап берді.
экологиялық акция аясында біз өлкемізді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Аға ұрпақты құрметтеу-әр ұлттың дәстүрінің ажырамас бөлігі. Біз отырғызған алма ағаштары үлкен ағаштармен өсіп, жазда салқындық пен күзде дәмді жемістер беруін тілеймін», – деп атап өтті қала әкімі Ғабит Сыздықбеков
 Бұдан бөлек, барлық басқарма мен аудан әкімдігінің қызметкерлері, қала жастары мен еріктілер қарттарымыздың батасын алып, экологиялық шараға өз үлесін қосты.
Жалпы “Өнегелі ұрпақ” апталығы аясында қаладағы барлық көмекке мұқтаж қарттарды қамту қарастырылған. Қариялардың үйіне барып, ауласын тазарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
«Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында Шымкент қаласының белсенді жастары, оқу орындарының ұйымдары мен жоғарғы оқу орындары және техникалық және кәсіптік орта білім беру мекемелерінің жастары тазалық акциясын насихаттады.
— Баршамызға белгілі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы бастау алған болатын. Қазіргі таңда абаттандыру мен сенбілік жұмыстарына қаламыздың жастары белсене қатысуда. Бұл апталықтың атауы – «Өнегелі ұрпақ». Осы орайда, жастар ардагерлер үйі, қарттар үйілеріне арнайы барып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Өнегелі ұрпақ – ұлт болашағы!», — дейді М.Әуезов атындағы ғылыми зерттеу университетінің белсенді жасы Нұраят Зият.
— «Біз – жастар, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» акциясын толық қолдай отырып, еліміздің дамуы мен көркеюі үшін барлық күш-жігерімізді жұмсап, ел жолында аянбай еңбек етуге уәде береміз», — деді қала жастары.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*