Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен бүгінде үрдіске айналған сенбілік жұмыстары ауданның көркеюіне өзіндік үлесін қосуда.
Бүгін аудандағы қала, кент, барлық ауылдық округтерде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында өткен сенбілік жұмыстарына мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлерінен, белсенді азаматтар мен ерікті жастардан, жергілікті тұрғындардан мыңнан астам адам мен 10 техника жұмылдырылды.
Санитарлық тазалық жұмыстарына қатысушылар негізінен көппәтерлі тұрғын үйлер мен саябақтардың, скверлер мен аллеялардың, автожолдар мен тұрғындар көп жүретін орындардың маңындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды тазартып, шөптерін шапты. Қураған ағаштарды бұтады.
«Тазалық шараларын жиі ұйымдастырып өткізудегі негізгі мақсатымыз – аудан тұрғындарын туған өлкені таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы экологиялық тазалықты сақтауға, ұжымдасып жұмыс жүргізуге шақыру. Мұндай шараларды тұрақты түрде өткізуіміздің нәтижесінде қатысушылардың қатары да күн санап артып келеді. Бірқатар елді мекенде ауыл ақсақалдары тазалықтың сақталуын өз бақылауларына алған» дейді аудан әкімі Серік Үсенұлы.
Бұдан бөлек, бүгінгі сенбілікте аудан әкімі аппаратының бөлімдері мен кент, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарды қоқыстан, керексіз қалдық заттардан тазартты.
Барлық тұрғындарды өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстап, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс қалдықтарын тастамауға, санитарлық тазалықтың сақталуына үлес қосуға шақырамыз.
Сенбіліктің қоғамның назарын тазалық сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Таза ортаның қашан да тынысы кең болмақ.
Өзінің төл тума бітім-қасиеттерімен, көркемдік мән-мағынасымен халықтың асыл қазынасы саналатын, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатқан қазақ қолөнерін жетісайлық әжелер «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан төрінде жұртшылыққа дәріптеді. Бүгінде жастары жетпіске асқан […]
Өздеріңізге жақсы мәлім, 2024 жылдың 2-ші қыркүйегі күні Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының басты тоғыз бағытын атап өтті. Төртінші бағыты инфрақұрылымға […]
Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі тарапынан аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер мен қаржы институттары тарапынан көрсетілетін қолдаулар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, бүгінде қаржы инсититуттары арқылы […]
Пікір қалдыру