Биылғы жылдың басынан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 60 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысын тәмамдап, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табыстаған Жетісай ауданында «BinazarGroup» ЖШС басшысы Берік Кембилдің өз қаржысы есебінен тағы 54 пәтерлі 2 үйдің қабырғасы қалануда. Құрылыста қолданылып жатқан материалдар түгелдей дерлік отандық өнім. Сапасы да тиісті мамандар мен жергілікті әкімдік тарапынан қатаң бақылауда. Өйткені, аталмыш 2 үйдің құрылысы аяқталған соң 54 пәтерді аудан әкімдігі сатып алып, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың осал тобынан жасақталғандар, бюджеттік немесе мемлекеттік қызметшілер, көпбалалы отбасылар тізімі бойынша тұрғын үй кезегінде тұрғандарға теңдей бөліп беретін болады.
Жұмыс жоспарына сәйкес аудан басшысы Серік Үсенұлы Мамытов Асықата кентіндегі құрылысы жүргізіліп жатқан көппәтерлі тұрғын үйде болды. Мердігер мекеме басшыларымен тілдесіп, бөлмелерін аралап көрді. Өзгертілуі және толықтырылуы тиіс жұмыстарды айтып, құрылыс сапасына қатаң мән беру керектігін тапсырды.
Кеңстік дәуірде өндірістік база болған аумағы 0,41 гектар жер учаскесі соңғы 5 жылда қараусыз қалған. Биылғы жылдың сәуір айында қазығы қағылып, қыркүйек айында толығымен аяқталады деп жоспарланып отырған құрылыс жұмыстарының жалпы құны 842 млн теңгені құрайды. Тұрғын үй алаңында балалардың ойын алаңшалары мен спорт-воркоут, автотұрақтар да қоса салынатын болады.
Айта кетейік, 4911 адам тұрғын үй кезегінде тұратын ауданда жыл соңына дейін сатып алу құқығынсыз тағы 150-ге тарта арендалық тұрғын үй тапсыру жоспарланып отыр.
Биылғы жылдың басында Қарақай ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуімде өзекті деген 6 мәселе көтеріліп, оның 4-і шешімін тапса, қалған 2-і орындалу үстінде. Нақтырақ айтар болсам, Кетебай елді мекеніндегі егістік жерлердегі сарқынды суларды қашырту үшін 2 […]
Соңғы жылдары елді мекендер мен ауданаралық жолдарды қалпына келтіру, тас төсеп, асфальттау, тозығы жеткен немесе жаңадан салынған көшелерде тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аудандық тұрғын […]
Экономист Мақсат Серәлі әлеуметтік желідегі парақшасына қазір елде қызу талқыланып жатқан АЭС құрылысы туралы жазып, оның бірқатар артықшылығын атады. Оның айтуынша, Еуропаның бірқатар ауылын аралап, электр қуатының қымбат екеніне көзі жеткен. Атом электр станциясының тиімді, […]
Пікір қалдыру