Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов жеке қабылдаулары мен әлеуметтік желі парақшаларында жиі жазылатын ауданның ауыз су мәселесінің жетіспеушілігін оңтайлы шешу, тұрғындарды жүргізілген жаңа ауыз су жүйелеріне қосу жұмыстарын ұйымдастыруды жылдамдату мақсатында Жетісай қаласындағы ауыз мекемесінде болды.
Бұрынғы Кеңес одағы кезеңінде салынып, тозығы жеткен Жетісай қаласы ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2020 жылы аудандық бюджеттен бөлінген қаржылар есебінен қаланы сумен жабдықтау жүйесін қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.
Жалпы сметалық құны 3,1 млрд теңгені құрайтын жобаның құрылысына 2021 жылы республикалық бюджеттен 690,8 млн теңге қаржы қаралып, «СтройЖолСервис Kz» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілген.
Ал, 2022 жылға республика қазынасынан тағы 1,4 млрд теңге, өткен жылға 506,8 млн теңге қаржылар қаралып, жобаға сәйкес қала ішіндегі тозығы жеткен 180 шақырым шойын су құбырлары полиэтилен құбырларға ауыстырылған. Ауыз су қораптары орнатылып, санитарлық қорғау аймағынан сыйымдылығы 2600 текше метр болатын жаңадан 2 дана таза су резервуарлары, насос станциясының құрылысы және жаңадан 1 дана ұңғыма қазу жұмыстары жүргізілген. Құрылыс-монтаж жұмыстары өткен жылдың желтоқсанында толығымен аяқталып, қолданысқа берілген. Бүгінде жергілікті тұрғындарды жаңа су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.
«Ауыз суға жауапты мекеме басшылары қала әкімдігінің қызметкерлерімен, тиісті сала мамандарымен тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаңа су жүйесіне қосылуларын тездетіңіздер. Өйткені, күннің ыстығында азаматтарымызды ауыз сусыз қалдыра алмаймыз. Қажет болса әрбір үйге кіріңіздер. Тозығы жеткен ескі судың тоқтатылатынын айтыңыздар» деген Серік Үсенұлы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме басшысына су жеткізу насостарының үздіксіз жұмыс істеуін бақылауды, істен шыққан жағдайда ауыз су беруді тоқтатпай қосымша насостар алып қоюды тапсырды.
Референдум қазақстандықтардың қалауымен шешіледі және оның нәтижесінің қандай болатыны — біздің еркін де демократиялық таңдауымыз болмақ. Уақыт өз шарттарын белгілейді және тұтас мемлекеттердің өмір сүру режимі оның ішкі мақсаттары мен міндеттерін өзгертеді. Еліміз ХХ ғасырдағы […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, «ҚазСуШар» мекемесінің басшылары қатысты. Күн тәртібінде бекітілген шомылу маусымы […]
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласы – өңір экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Әсіресе, ауыл еңбеккерлерінің маңдай терімен көгерген Жетісай ауданы бұл бағытта айрықша рөл атқарып келеді. Соңғы жылдары облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен ауыл шаруашылығының бірқатар […]
Пікір қалдыру