Сарыағаш аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне қарасты Дастан елді мекеніне арнайы барып, асфальт төсеу жұмыстарының барысын пысықтады.
Дастан елді мекенінде ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би көшелеріне асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құжаттамаға сәйкес асфальт төсеу жұмыстарының жалпы ұзындығы 4,07 шақырымды құрап отыр. Аталған жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.
Жол құрылысында болған аудан басшысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына және мердігер мекеме басшысына жол жөндеу жұмыстарын сметалық құжаттамаға сай сапалы аяқтауды тапсырды.
Бұдан бөлек айта кету керек, аудан әкімі А.Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес аудан аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында жалпы аудандық сенбілік жұмыстары таңнан бастап кең көлемде жүргізіліп келеді.
Өткізілген сенбілік жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүргізілді.
Аудан басшысы қала аумағындағы тазалық жұмыстарының барысын тікелей өзі қадағалап, қала әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Жалпы аудандық сенбілік мақсаты — аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі болып табылады.
Биылғы жылдың сәуір-мамыр айларынан бастап «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Састөбе кентіндегі 14 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары, 1 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары бастау алған болатын. Бүгінгі таңда аталмыш көшелердің 10 толығымен аяқталып отыр. Қалған 5 […]
Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарына арнайы барып, мән-жайымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс нысанында ауыз су жіберу, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы мердігер мекеме […]
Шымкент қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл жол саласын дамыту мақсатында 256 нысанның жөндеу-құрылыс жұмыстарына бюджеттен жалпы 26,9 млрд теңге қаралған. Республикалық бюджеттен – 4,8 млрд, ал жергілікті бюджеттен – 9,8 млрд теңге бөлініпті. […]
Пікір қалдыру