ТО: САРЫАҒАШТАҒЫ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарына арнайы барып, мән-жайымен танысты.
Қазіргі таңда, ауыз су жұмыстарын тексеру және кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілуде.
Мердігер мекеме өкілімен кездескен аудан басшысы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын жобаға сәйкес сапалы аяқтау қажет екенін ескертті.Сондай-ақ, Сәрке ауылына су шығару бойынша жобалаушы, техникалық қадағалаушы, мердігер мекеме өкілдеріне шешімін табу жөнінде шұғыл түрде жұмыс атқаруды жүктеді, жауап бөлім басшысына құрылыс жұмыстарына бақылауды күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар,аудан әкімі Қабланбек ауылдық округіне арнайы барып, Ташқұлақ елді мекенінде орналасқан су айдау насос стансасының су құбырларын ауыстыру жұмыстарын саралады.
Бүгінгі таңда, Ташқұлақ елді мекенінде орналасқан ауыз су мұнарасынан 1-ші көтеру, 2-ші көтеру сорғы станциясы аралығындағы Ду 220 мм магистралды су құбырында 20 метрлік ақау шығып, су беруші «Сарыағаш — Тұрмыс» МКК тарапынан ақаулары ретке келтірілді. Қазіргі таңда, Қабланбек, Ташқұлақ, Зах елді мекендеріне кестеге сәйкес су берілуде.
Одан бөлек, Ташқұлақ ауыз су мұнарасының фильтрлерін ауыстыруға бюджеттік өтінім беріліп 14 млн теңге аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, алдағы уақытта, су тазалау фильтр қондырғылары орнату жоспралануда.
Атқарылған жұмыстарды саралаған аудан басшысы жоспарланған жұмыстары тез арада жүргізу қажет екенін атап өтіп, жауапты мекемемен ауылдық округ әкіміне жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*