ТҮРКІСТАН : КЕНТАУДА 60 ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Қаратау тәжіне баланатын Кентау қаласында бес қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр.  Алпыс пәтерлі ғимараттың құны бір миллиардқа жуық. Тұрғын үй қыркүйек айында қоданысқа беріледі деп күтіліп отыр. Бұл жайлы қала әкімі Жандос Тасов мәлімдеді.

«Бұдан өзге үш қабатты екі тұрғын үй жеке инвестор есебінен салынып жатыр. Ол үйлердің де әрбірінде отыз пәтерден бар. Олардың да құрылысы жыл соңына дейін бітеді деп жоспарлап отырмыз. Ондағы пәтерлер екінші деңгейлі банктер арқылы тұрғындарға сатылады»,- дейді қала әкімі.

Ал жалпы моно қалада төрт жүз он алты көше бар. Олардың ұзыдағы үш жүз жетпіс төрт шақырымды құрайды екен. Оның ішінде қанағаттанарлық деңгейдегі жолдар үш жүз үш шақырымды құрайды. Яғни, бұл жағынан көрсеткіш сексен бір пайызға жеткен. Сондай-ақ биыл Кентаудағы он төрт шақырымды құрайтын жиырма төрт көшеге орта деңгейлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары мемлекеттік-жкеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылмақ. Бұдан өзге он көшені қалпына келтіру жұмыстарына жергілікті бюджеттен   жүз алпыс жеті миллион теңге қаралған. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарнақ, Баялдыр ауылдарында жиырма екі көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу күтіліп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу байқауы аяқталып, жұмыстар басталған. Қазан айында құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде.

Кентау қаласында бүгінде жиырма сегіз білім беру мекемесі мен отыз екі балабақша орналасқан.Оның бесеуі жекеменшік. Жуырда қалада «Еркеназ» балабақшасы ашылған. Бөбекжай жүз орындық. Ал жақында ғана қолданысқа берілген «Үркер» балалар лагері бір мезетте төрт жүз баланы қабылдай алады. Ал Кентауға «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша екі білім беру ошағы салынып жатыр. Оның бірі Уалиханов көшесі бойында салынса, екіншісі Шұғыла шағын ауданында бо көтеріп жатыр. Білім ошақтарына инфрақұрылым тарту жұмыстары да қолға алынған. Қазірге дейін мемлекеттік сатып алу байқауы өтіп, биыл құрылыс жұмыстары басталады деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар Кентау қалоасында тоғыз жүз алпыс бес отбасыға әлеуметтік көмек тағайындалғанын айта кеткен жөн. Өткен жылмен салыстырғанда, әлеуметтік көмек алатын отбасылар алпыс бес пайызға төмендеген. Ал ерекше күтімді талап ететін балаларға арнап, биыл Кентаудағы «Экоатамекен» орталығында жетпіс балаға арналып «Дара бала» дамыту орталығы ашылған. Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында да төрт айдың қорытындысымен бір мың бір жүз азамат қатысып, жылдық жоспар жиырма сегіз пайызға орындалған. Жалпы алғанда төрт айдың қорытындысы бойынша Қаратау тәжіне баланатын Кентау қаласындағы жұмыссыздық деңгейі төртте тоғыз пайызды құраған.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*