Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында, жастар көп шоғырланған орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы үнпарақтарышалар таратты.
Мақсаты-жастарды мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау мәселелері бойынша кеңес беріп және жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындау туралы ақпарат беру.
Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Жастарды еңбекпен қамтитын түрлі шаралар, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастарға қолайлы мүмкіндіктер алаңы ашылуда. Білім алып, белгілі бір маман иесі атанған және өз кәсібін ашып шаруасын ілгері жылжытуға ниеттенген жастар үшін мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстары мол болмақ.
Кездесуде жастарды жұмыспен қамту бағытындағы мүмкіндіктерді атап өтті.
Мақтаарал ауданында биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 87 әлеуметтік баспананың құрылысы жүріп жатыр. Аумағы 60-65 шаршы метрді құрайды. Бүгінде аудан көлемінде 2 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұрады. Кәсіпкерлердің қаржысына қабырғасы қаланып жатқан үйлер […]
Судан зардап шеккен Мақтаарал ауданына Түркістан облысының бір топ депутаттары 11 миллион теңгенің гуманитарлық көмегін жеткізді. «Nur Otan» партиясының республикалық «Біз біргеміз» акциясы аясында ұйымдастырылған көмек 11 жүк көлігіне тиелген. Азық-түлік пен көрпе-төсек, киім кешек, […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы Мақтаарал ауданында бесленді жалғасуда. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Осы ретте ауданға қарасты 2 […]
Пікір қалдыру