Түркістанда қаланың «Құрметті азаматы» Сейілхан Саттарханұлын еске алуға арналған бокстан ашық турнир басталды.
Сейілхан Саттарханұлы — Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Cаттархановтың әкесі. Өнегелі өмірін шаһардың дамуына арнаған жан.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев пен Сейілхан Саттарханұлының жұбайы Сырлыкүл Саттарханова жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыста 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер түрлі салмақ дәрежесінде сынға түседі. Спорт додасында Түркістан қаласы мен Түлкібас, Қазығұрт, Бәйдібек, Отырар, Сауран, Ордабасы, Жетісай аудандарынан келген 70-ге жуық жас спортшы бақ сынасуда.
Жарысқа қатысушылар арасында жеңіске жету тек физикалық дайындығын ғана емес, спортшының ішкі рухани дайындығын да талап етеді. Бокста тактика мен шеберлік маңызды рөл атқарады, және жасөспірімдер үшін мұндай турнирлер олардың кәсіби дамуына зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл турнир жастар арасында патриоттық сезімді нығайтып, спорттық мәдениетті дамытады.
Бокстан өтіп жатқан ашық турнирде әрбір спортшы жеңіс үшін барын салуда. Түркістан қаласында осындай іс-шаралардың өткізілуі жасөспірімдер арасында спортқа деген қызығушылықты арттырумен қатар, өңірдегі бокс саласының дамуына да айтарлықтай әсерін тигізуде.
Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды. Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым […]
Түркістан қаласындағы жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі – елдегі көпэтносты қоғамның бейбітшілігі мен келісімін қамтамасыз ететін маңызды аймақтық көріністердің бірі. Бұл модель Қазақстанда қалыптасқан мемлекет құраушы қағидаттарды, яғни татулық, өзара құрмет және этносаралық келісімді басшылыққа ала […]
Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында Жеңістің 80 жылдығына арналған облыстық патриоттық әндер байқауы өтіп, ел тарихындағы ұлы ерлікті ұрпақ жадында жаңғыртуға бағытталған тағылымды шараға айналды. Байқауға Түркістан облысының барлық аудан-қалаларынан келген, жасы 60-тан асқан ардагерлер қатысып, […]
Пікір қалдыру