ШЫМКЕНТТЕ «ҰСТАЗДАР КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін білім беру саласы қызметкерлерінің «Ұстаздар күні» мерекесі тақырыбында «Түркістан сарайы» мәдениет үйінде қалалық іс-шара өтті.

«Ұстаздаркүні» мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шара  —  жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде талмай еңбек етіп, ұлылықты бойына жинаған,  білім нұрын шашып, бар өмірін парасат пен  ізгілік жолына арнаған ұлағатты ұстаздар қауымына арналды.

         Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков, Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Б.Нарымбетов, Қазақстан Халық банкі акционерлік қоғамының, білім және мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қызметкерлері мен қаланың педагогтері қатысты. (жалпы 1290)

Іс-шара барысында кәсіби қызметтері аясында   мемлекеттік білім беру жобаларын педагогикалық практикаға енгізу жұмыстарын жүргізген, оқу-әдістемелік кешендер әзірлеген, инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттау бойынша білім беруді дамытуға қосқан үлестері және оқушылар мен тәрбиеленушілердің пәндік олимпиадалардағы, ғылыми-практикалық конференциялардағы, спорт жарыстарындағы, музыкалық конкурстардағы жетістіктері бағаланып, жеңімпаз болған ұлағатты ұстаздарымызды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен, және Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековтің, Шымкент қалалық мәслихатының  төрағасы                  Б. Нарымбетовтің Алғыс хаттарымен  марапаттау рәсімі болды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*