ШЫМКЕНТ: ЖОЛ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Жол инфрақұрылымын дамыту – ел экономикасы өсуінің алғышарты. Бұл сөзді басқа-басқа емес, көлік министрі Марат Қарабаевтың өзі Үкімет отырысында айтқан болатын.

Шымкент қаласында жол сапасын жақсарту және тұрғындардың көлік қатынастарын жеңілдету мақсатында 300 көшеде жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Қазіргі уақытта қала аумағындағы көшелердің шұңқырлары жамалып, күтіп ұстау жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Жолдарды күтіп ұстау жұмыстарымен қала көшелерінің асфальтбетон жамылғысының 450 мың м2 шұңқырларын жамау жоспарланып, 275 мың м2 шұңқырлары жамалды. Шұңқырларды жамау жұмыстары 2023 жылмен салыстырғанда 5 есеге көп.

Сондай ақ тұрғындардың сұраныстарына сәйкес, тез арада жағдай жасау мақсатында бұрын асфальтбетон қабаты болмаған 81 көшеге немесе 30 км көшеге асфальтбетон қабатын салу жоспарланып, бүгінгі күні 36 көшеге асфальт қабаты төселінді. Бұл өз кезегінде 1 жылдық уақытты және 500 млн. тенге қаражатты үнемдеуді берді.

Тозығы жеткен 11 орталық көшенің асфальтбетон қабаты жаңартылды. (Түркістан, Төреқұлов, Әйтеке би, Ақпан батыр, Серпін, Әмір Темір, Гүлдер ай, Сайрам,Шаймерденов көшелері және Әл-Фараби алаңы мен А2 айналма жолы-Республика қиылысы).

Әл-Фараби алаңының жол жамылғысының тозығы жеткендігінен жыл сайын шұңқырлардың және жарықшалардың пайда болу әсерінен жамау жұмыстарын әр жылы жүргізу бюджетке тиімсіз болды. Жол жолақтарын жаңартуда ескі асфальтбетон қабатына жанаспауы әсерінен және аталған алаңға соңғы жөндеу жұмыстары 2009 жылы жүргізілгендігін, яғни аралық жөндеу мерзімінің өтіп кеткендігін және де жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігін ескеріп, ағымдағы жылы жол жамылғысына жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол жөндеу жұмыстары қаланың көлік инфрақұрылымын жаңартып, тұрғындарға ыңғайлы және қауіпсіз жол қатынасын қамтамасыз етуге зор үлес қосады. Жолдардың сапасын арттыру және инфрақұрылымды жақсарту қаланың дамуына үлкен әсер етеді, әрі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырады. Жол жөндеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, қала тұрғындарының сұраныстары мен қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Елімізде көлік жолдарының жай-күйі — өзекті мәселелердің бірі. Қыстың беті қайтып, күн жылуымен жолдың «жыры» қайта басталады. Жолдағы, көпірлердегі шұңқырлар қайта жөнделіп, көшелер жабылады. Салдарынан қалада ұзын-сонар кептелістер туындайды. Осы келеңсіздіктерді туындатпас үшін қалалық әкімдік жоспарлы түрде жұмыс жасап жатыр. Қардың құрсауында, мұз астында жатқан көшелер бірден шұңғымаларғңа айналмас үшін сапаны күшейту керек. Сарапшылар сапалы көшелер ең аз дегенде  бес жыл шыдап тұруы керек деп есептейді. Сондықтан да, Жоспарлы түрде жол жөндеу жұмыстарын өткізбестен алдын сапасын нақтылап алуы қажет. Ал жұмыстан соң болған тексеріс — кеш болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*