Шымкент: Жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған есімдерді ақтау-парызымыз

Елімізде 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп аталады. Шынында да кешегі кеңестік толитарлық жүйе кезінде ең көп зардап шекен ел — Қазақстан, халық — қазақ халқы. 1997 жылы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен осы күн Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде жарияланғаны мәлім. Тәуелсіз замандағы тарих беттерінде өте маңызды орын алып отырған мәселе — сол кезеңде зобалаңға, қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың атын жаңғырту, тарихын зерттеу. Бүгінде көптеген тарихшылар дәл осы мәселемен айналысуда.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуінде айтылғандай, 5 миллионға жуық адам қазақ жеріне еріксіз жер аударылды. Қазақстанның өзінде 100 мың адам тұтқынға алынып, оның 20 мыңы атылып кетті. Шын мәнісінде, мұны толық анықтайтын деректер болуға тиіс. Осы орайда, тарихи бетіндегі осынау олқылықтың орнын толтыруымыз қажет.

Әрине, 1937-1938 жылдардағы оқиға қазақ зиялыларына ауыр тиді. Ұлтымыздың бас көтерер азаматтары жалған жаламен солақай саясаттың құрбаны болды. Халқымыз дарынды, білімді тұлғаларынан айырылды. Алжир Карлагтың 26-шы нүктесі болған. Мұнда көрнекі ғалым және зиялы қауым өкілдерінің әйелдері мен балалары болды. Алжир туралы жазылған кітаптар, тарихи деректер бар болғанымен, бұл бағыт әлі де терең зерттеуді қажет етеді. Бұл ретте, Президенттің саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құру бастамасы өте дұрыс шешім деп есептеймін.

Баршагүл ИСАБЕК,
ОҚМПУ-дың бірінші проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*