Шымкент: Төл тарихымызды зерделеудегі жаңа бетбұрыс

1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленген еді. Бұл – қасіретті кезеңде зобалаң көрген халқымыздың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне деген құрмет. Содан бері аталған үрдіс жалғасып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Үндеуі сөзімізге дәлел.

Президент Үндеу кезінде нәубет құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастағанын алға тартты. Соның бірі Қ.Тоқаевтың: «Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырдым» дегені бәрімізді де қуантты. Яғни, еліміздің тарих беттерінде жаңа парақтар ашылады деген сөз.

Бұл бетбұрыс Тәуелсіз Қазақстанның діңгегін қатайта түсетіні анық. Ал өз кезегінде бүгінгі ұрпақ өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету перзенттік парыз екенін ұмытпауымыз керек!

Исамудин РЫСБАЙ,
Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*