Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумда дауыс беруі үшін учаскелерде барлық мүмкіндік қарастырылған. Атап айтқанда, арнайы пандустар, сары жолақтар, жәшіктер орнатылған. Бүгін Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылындағы №23 дауыс беру учаскесінде 18 жастағы ерекше жан Төлен Бибігүл өз таңдауын жасады.
Айта кетейік, бүгін Арыс қаласындағы 1 аумақтық және 34 дауыс беру учаскелерінде 44 072 азамат өз таңдауын жасайды. Сонымен қатар, дауыс беру учаскелерінде қауіпсіздік шаралары санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылған.
2024 жылы Мақтаарал ауданы бойынша жалпы 2 мың гектар алқапқа тамшылатып суғару технологиясын енгізу жоспарланған болса, бүгінгі таңда 1,5 мың гектарға су үнемдеу технологиясы енгізілген. Атап айтқанда 500 гектар мақта, 1000 гектар бақша, көкөніс дақылдары. […]
Түркістан облысында санитарлық талаптарды сақтамағандарға 150 млн теңге айыппұл салынды. Түркістан облысы бойынша барлық нысандардағы санитарлық талаптың сақталуын қоғамдық бақылау мүшелерінен құрылған арнайы мониторингтік топ бақылайды. Рейдтік тексеріске шығып, бас санитар дәрігердің қаулысын елемегендерге […]
Түркістан облысының Үкіметтік емес ұйымдары арасында жыл сайын тұрақты түрде өткізілетін ең үздік әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі биылғы жылы онлайн режимінде өтетін болады. Бұл жайлы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан […]
Пікір қалдыру