Ордабасы ауданында саяси науқанды өткізу мақсатында 53 дауыс беру учаскесі құрылған. Олардың барлығында дауыс берушілерге толық жағдай жасалған. Ордабасы ауданы, Шұбар ауылдық округінің тұрғыны 90 жастан асқан қария Өмірәлі Өтегенұлы №477 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасап, ел жастарына батасын берді.
«Елімізде болып жатқан маңызды саяси науқанға бей-жай қарамай, өз таңдауымды жасадым. Себебі, әр азаматтың дауысы маңызды. Жаңа Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет. Бүгінгі айтулы шара — ел болашағына әсер ететін маңызды шешім. Менің жасым 90-да болса да ешқашан саяси оқиғалардан тыс қалған емеспін. Дауыс беруге әр азаматтың баруы міндетті деп есептеймін», — дейді қария.
Соңғы алты ай ішінде Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының инсульт бөлімі 67 ота жасаған. Оның ішінде 28 тромболозистік болса, 39-ы нейрохирургиялық ота болып саналады. Нейрохирургиялық отаның 22-сі ашық түрдегі және 17 эндоваскулярлы түрі екенін айта […]
Түркістандық дәрігерлер жүрек ақауымен туған нәрестені аман алып қалды.Нәрестенің туғанына небәрі төрт күн болған. Бірақ жүректің қолқа доғасының ақауымен дүниеге келген сәби өміріне алғашқы күндерінен қауіп төнген. Бұл диагноз жүректің ең ауыр ақауы болып саналады. […]
Түркістан облысында Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бизнес субъектілері үшін «бір терезе» қағидаты бойынша барлық мемлекеттік қолдау шараларын және мемлекеттік қызмет түрлерін орталықтандырылған түрде көрсету мақсатында «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервисі іске қосылды. Өңірдегі […]
Пікір қалдыру