Кеңес дәуірінің сәулет өнерінің туындысы болғанына қарамастан, жеке меншікке өтіп кеткен мәдениет ордасы ұзақ жылдар бойы қараусыз қалған. Материалдары талан-тараж болып, ғимарат конструкциясына орасан зақым келтірілген. 2023 жылдың қараша айында коммуналдық меншікке өткеннен кейін сарапшылар сарайдың жай-күйін зерделей келе, нысанды қалпына келтіру мүмкін еместігіне көз жеткізді. Сондықтан 1975 жылы салынған Мәдениет сарайының ғимаратын бұзу туралы шешім қабылданды.
Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бірігіп, «Фосфоршылар сарайының» ғимаратына қатысты қабылданған шешім бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ескі ғимараттың орнына нысанның тарихи келбеті сақталып, заманауи мәдениет сарайы салынады. Құрылысымен «Сәби» қайырымдылық қоры айналысатын болады. Бұл жұмыстарды күзде бастау жоспарлануда. Қордың тапсырысы бойынша мәдениет сарайының дизайн-жобасы әзірленді.
Ғимарат көркем ромб пішінде, ою-өрнектермен көмкеріліп, тарихи, заманауи нақыштардың эстетикалық үйлесімімен бой көтереді. Мәдениет сарайында өнер, кәсіп дағдыларына бағытталған үйірмелер іске қосылады.
Қала көркін арттырып, тұрғындарға пайдалы қызмет көрсетітетін орталық аумағы абаттандырылып, сарайдың маңына жасыл желек отырғызылады. Жобада субұрқақтар мен аллеялар, балалар және спорт алаңдары қарастырылған.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатты жауын-шашын салдарынан су басқан Елтай елдімекеніне барып, жағдай барысымен танысты. Су шайған жерлерді аралап көрген қала әкімі тез арада осы салаға жауапты орынбасарының төрағалығымен тасқын зардаптарын жою және […]
Шымкент қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықтың негізі» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Рухани-тәлімдік сипаттағы бұл іс-шара елдегі құқықтық мәдениетті нығайту, азаматтардың заңға деген жауапкершілігін арттыру […]
Жылжымайтын мүлік иелері бұдан былай нысандарының (пәтерлер, жатақхана бөлмелері, жеке гараждар мен саяжайлар) техникалық паспортының электронды нұсқасын онлайн рәсімдей алады. Цифрлық жаңашылдықты «Азаматтарға арналған үкімет» пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жүзеге асырып отыр. «ХҚО-ға бармай-ақ, техпаспортты […]
Пікір қалдыру