«Арбат» алаңында «Жастарға жұмыс» республикалық бос жұмыс орындарының республикалық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «AMANAT» партиясының қолдауымен Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырды.
Маңызды іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қалалық партия филиалының өкілдері, «AMANAT» партиясы фракцисының депутатары, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Павлодар облыстарының делегат мүшелері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшылығы қатысты.
Жәрмеңкеде биылғы бітіруші түлектерге, жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындары мен жас мамандарға мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібі, бос орындар, ерікті түрде Солтүстік өңірге қоныс аудару бағдарламасы, мемлекеттік қайтарымсыз грант бойынша түсіндірме жүргізіліп, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары туралы ақпараттық кеңестер берілді.
Жәрмеңкеде 82 мекеме 963 тұрақты жұмыс орнын таныстырып, қалған жұмыс берушілер онлайн түрде бос жұмыс орындарын ұсынды. Жалпы, 150-ден астам мекемеден 5 мыңға жуық бос орын ұсынылды.
Жұмыс берушілерден 500-ге жуық жас кеңес алып, 103 адамға жолдама берілді. Атап айтқанда, 50 адам тұрақты жұмысқа, 30 қатысушы «Жастар практикасы», 18 жасқа «Алғашқы жұмыс» орнына, 5 адам «Қоғамдық жұмыс» бағдарламасы бойынша жолдама алды. Одан бөлек, 41 адамға қысқа мерзімді кәсіптік оқу мен қайтарымсыз грант алу бойынша кеңес берілсе, ал 77 отбасы ерікті түрде Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірді.
Халықтың әл-ауқатын жақсартуда жұмыспен қамту аса маңызды мәселе. Жоспарлы жұмыстың нәтижесінде Шымкентте жыл басынан бері 61 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылған. Оның ішінде, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 36 мың […]
Түркістан облысының 70-ке жуық тұрғыны солтүстік өңірлерге аттанды. Мақсат — жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару. Түркістандықтардың ішінде солтүстік өңірде тұрақтап, жұмыс істеу үшін түбегейлі шешім қабылдаған тұрғындар да жетерлік. Солтүстікке қоныс аударуды қолдайтын мемлекеттік […]
Өркениетті елдерде «Маған Отаным не берді деп емес, мен Отаныма не бердім деп ойла» деген тәмсіл іспеттес сөз бар. Әрине, жетістікке тез жету үшін мемлекеттік қамқорлық керек-ақ. Ал, оның қайтарымы өзіңнің еселі еңбегің болмақ. Еліміз […]
Пікір қалдыру