ШЫМКЕНТ: ШАПАҒАТ ШАҒЫН АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ЖҮРДІ

«AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде «Таза бейсенбі» акциясын жалғастыруда. Іс-шара Президенттің «Таза Қазақстан» атты жалпыұлттық бастамасы аясында өткізіліп, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

«AMANAT» партиясының мыңдаған белсендісі мен мүшесі «Таза бейсенбі» акциясы аясында әр бейсенбі сайын аумақтарды қоқыстан тазартып келеді. Бүгінге дейін ел бойынша 6,5 мың тонна қоқыс жиналып, акцияға 48 мың адам қатысты. Белсенділер 1004 учаске мен 100-ден астам өзен, көл, су айдыны мен қоймасын қоқыстан тазартты.

Кезекті бейсенбіде аманаттықтар әдеттегідей игі істі жалғастырып, өз жауапкершіліктеріне алған учаскелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.
Шапағат шағын ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Аталған шараға «Amanat» партиясының Шымкент қалалық және аудандық филиалдарының қызметкерлері, жастар мен еріктілер белсенді түрде атсалысты.
Олар көшедегі күл-қоқыстарды жинап, аулаларды шөптерден тазартты. Жол жағасындағы ағаштар мен көгалдарды суғарды.
Сондай-ақ, тазалық акциясына қатысқан белсенділер азаматтарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды. Айта кетсек, бұл акция маусым айынан бастап әр бейсенбі сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Күзгі екі айлық барысында Шымкент қаласының тазалығы бойынша тыңғылықты жұмыстар жүргізілуде. Соның бір көрінісі арнайы жұмыс тобының құрылуы болып табылады. Қала тұрғындары тек осы екі айда ғана емес, барлық уақытта өздерінің тұрғылықты жерін таза ұстаса, табиғатқа қосқан үлесі болар еді.
Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің көзге көрінетін маңызды көр­сеткіші. Тазалық – адамның ден­сау­лығы, өң-түсінің сүйкімділігі, өмір жасының ұзақтығы, тұла бойының сәнділігі, өз қадыр-қасиетін бағалауы, айналасына тартымдылығы деген сөз. Халқымыздың «Сен баланы тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеймін деп әуре болма, бала бәрібір саған ұқсайтын бо­лады. Сен одан да өзіңді тәрбиеле. Ұл-қызың саған қарап өседі, бой түзейді» деген асыл сөзі бар. Расында бала ол міндетті түрде ата-анаға қа­рап, елік­теп өседі. Әрбір ата-ана ұл-қыз­да­рының өз­деріне қарап тәрбие ала­тынын ес­тен шығармағаны жөн. Кез келген адам тазалықты өз бойынан кө­рініс табатындай етсе, өзін таза ұстай білсе, өзге адамдарға да сол тазалығын көрсете алатыны сөзсіз.
Қоршаған ортаның тазалығына жа­уап­кершілікпен қарау, табиғатты та­за ұстау, оның көрініс беруіне үлес қосу әрбір азаматтың борышы десек те болады. Қазақ халқы бірінші бай­лық денсаулық деп денсаулықты кү­туге қатты көңіл бөлгені белгілі. Міне, сол денсаулықтың мықты болуы да та­залыққа қатысты екенін «тазалық – денсаулық кепілі» деген бір ауыз сөзбен көр­сеткен. Деннің саулығы әр адам үшін қалай маңызды болса, тазалық та дәл сондай маңыздылыққа ие болу керек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*