Түркістан қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен әйелдерге арналған “Ресурсты ана – сау ұрпақ” тренингі өтті. Жоба жетекшісі “Дара Медиа” орталығының басшысы Халдарбек Рухабза. Салтанатты жиынды қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы ашты. Шараға облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева қатысты.
Жобадағы спикерлер остеопат маманы Дариға Жұмабекқызы, балалар невропатологы, “Сөйле балам” орталығының негізін қалаушы, әлеуметтік кәсіпкер Ғалия Нұржанқызы, балалар психологы және нейропсихолог маман Жаннат Қаныбекқызы, невропатолог дәрігер Әсел Қайратқызы, интегративті дәрігер-гинеколог Мөлдір Баратбаева тақырып төңірегін жан-жақты талқылап, ой-пікірлерін ортаға салды.
Аталған жобаны алдағы уақытта өзге қала-аудандарда өткізу жоспарланып отыр.
Түркістан қаласында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясындағы жалпықалалық сенбілік өтті. Шараға ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, қала тұрғындары мен еріктілерден тұратын 1000-нан аса азамат қатысты. Қала аумағындағы Ә.Жангелдин, Б.Майлин, Сапарбай болыс, Баялиев, Шойынбет би, Яссы, […]
Түркістанда 400 адамның қатысуымен тазалық шарасы өтті. «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында өткен сенбілікке 13 техника жұмылдырылды. Әмір Темір, Төле би, С.Қожанов, О.Жандосов, С.Ерубаев көшелері мен Тәуке хан даңғылының бойындағы күл-қоқыстар шығарылып, қураған шөптер тазартылды. Ағаштарды […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев күн батқанда шаһарды аралап, түнгі уақыттағы қаланың тіршілігімен танысты. Аймақ басшысы шаһардағы екі шақырым жерде жаңадан орнатылған жарықтандыру желісінің құрылысын көріп, ерекшеліктерінен хабардар болды. Заманауи үлгідегі ақылды сыртқы жарықтандыру жүйесінің […]
Пікір қалдыру