Шаһар басшысы Әзімбек Пазылбекұлының халықпен кездесуі «Бірлік», «Отырар» тұрғын алаптарында жалғасты. Кездесуде сектор тұрғындары қала әкіміне жол мәселесі, ойын алаңшалары, түнгі жарықтандыру, коммуналдық қызмет, білім саласы, тұрғын-үй, қоғамдық көлікке қатысты сауалдарын қойды.
Тұрғындардың талап-өтініштерін тыңдауға қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты.
«Бірлік» тұрғын алабының халқы көшелерін толық жарықтандырып, қауіпсіздік үшін бейнекамера орнатып беруін сұрайды. Сонымен қатар, мұндағы тұрғындарды тазалық пен жол сапасы да алаңдатады. Аталған сектор тұрғындарын тыңдаған шаһар басшысы мәселелерді шешуге тиісті бөлім басшыларына тапсырма берді.
Қала әкімі «Отырар» секторы тұрғындарының коммуналдық төлемге қатысты өтініштерінің заң аясында шешілетінін, балалар ойын алаңшаларының жоспарға сай орындалатынын айтты. Қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік сұраған көп балалы аналар мен ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға бұл мәселені қолға алғанын жеткізді.
— «Бүгін қаладағы автобустардың жайымен таныстым. Қоғамдық көліктерге жауапты облыс орталығындағы екі автобус паркінің басшыларын шақырып, жекелеген санаттағы азаматтардың қоғамдық көлікте тегін жүруі бойынша мәселені талқыладық. Алдағы уақытта бұл тақырыпта мамандар жұмыс істейді»,-деді Әзімбек Пазылбекұлы өз сөзінде.
Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталықтың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жол құрылысы жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Атап айтқанда, 30, 32, 36 көшелерге жол салу жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысының сапасы облыс әкімі мен салаға жауапты басшылардың тұрақты қадағалауында […]
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» этнос өкілдерінің қатысуымен «Кім білгір?» интеллектуалды ойыны өтті. Аталған шара облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң қолдауымен ұйымдастырылған. Шарада облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев сөз алып, жиынның маңыздылығын […]
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлығына сәйкес елдің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Түркістан қаласының тұрғыны, «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының шебері Бузав Әбжәлі Мәуленұлы «Құрмет» […]
Пікір қалдыру