Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімі басшысының мәлімдеуінше, жалпы Түркістан қаласында 22 көлік бағытында 194 автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді. Олардың 16 бағыты бойынша «Жолаушы» ЖШС, 6 бағытына «ТехПроАвто» ЖШС жауапты.
Автобустардағы жол жүру ақысы «AlemPay» электронды картасы арқылы 70 теңгені құрайды. Мектеп оқушылары дәл осы электронды карта арқылы жол ақысының 50%-ын ғана төлей алады. Яғни 7 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары карта арқылы автобус жол ақысының жартысын ғана төлеу мүмкіндігіне ие.
«AlemРay» төлем карталарын Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базары аялдамасынан және «Қуаныш» базары кеңсе тауарлары павильонындағы (№52) сауда нүктелерінен алуға болады. Картаны банк қосымшалары немесе Киви терминалы арқылы толтырып, дайын картаны 2505 нөміріне тіркеп, жол ақысын төлейді.
— «Кешеден бері сектор тұрғындарымен кездесуді бастадым. Кездесуде негізгі көтерілген мәселелердің дені осы қоғамдық көлікке қатысты. Сондықтан да «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімінің жұмысымен танысқым келді. Алдағы уақытта автобустарға байланысты шағымдар ескерілсін. Жолаушыларға жағдай жасау сіздердің міндеттеріңіз»,-деді Әзімбек Пазылбекұлы мәжілісте.
Облыс орталығында дәстүрлі өтетін «Turkistan Cup» кубогы сарапқа салынатын теңбіл доп додасы биыл да жалғасты. Бүгін жарыстың ашылуы «Керуен Сарай» көпсалалы туристік кешенінде өтті. Бәйгені Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев пен қалалық мәслихат төрағасы […]
Түркістан қаласындағы Достық үйінде 18 қазан – Рухани келісім күніне орай, облыстағы діни конфессия басшыларының қатысуымен кездесу өтті. Рухани кездесуге облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысты. Ол діни конфессия жетекшілерімен танысып, дін саласы бойынша пікір […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына рухани және тарихи орталық ретіндегі ерекше мәртебе мәселесін көтеріп, тиісті тапсырма берген болатын. Осыған байланысты жаңа заң жобасы әзірленді. Заң жобасы 4 тараудан және 15 баптан тұрады. Мақсаттары мен […]
Пікір қалдыру