Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға қала әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен жауапты мекеме басшылары қатысты.
Қабылдауда азаматтардың негізгі көтерген мәселелері — тұрғын үй кезегіне тұру, қаладағы инфрақұрылым, үй кезегі, жұмыссыздық, әлеуметтік көмек, тазалық және т.б. Шаһар басшысы 20-ға жуық тұрғынның мәселесін тыңдап, жауапты сала басшыларына тапсырма берді.
Әзімбек Пазылбекұлының алғашқы жеке қабылдауындағы тұрғындар тілегінің басым бөлігі дер кезінде шешімін тапты.
Қабылдауда ерекше күтімді қажет ететін отбасы мүшесіне арналған инватакси қарастыруды өтінген азаматтың мәселесі шешімін тауып, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөліміне тапсырма берілді.
Жұмысқа орналастыруды сұраған тұрғындар мәселесі қалалық «Мансап» орталығына жолданды.
Барлық ұсыныстар мен талап-тілектер хаттама негізінде назарға алынып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданатын болады.
Түркістан қаласында жас мемлекеттік қызметшілерге арналған «Адал азамат – әділетті қоғам кепілі» атты мазмұнды форум өтіп, онда отаншылдық, адалдық және сенім секілді маңызды құндылықтар кеңінен дәріптелді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында әділетті […]
Бүгін Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Қазақстан Журналистер Одағының Түркістан облыстық филиалының арасында өзара ынтымақтастық туралы келісім түзілді. Маңызды меморандум аясында филиалдың жанынан өңірде алғаш рет жас журналистер клубы құрылды, деп хабарлайды […]
«Amanat» партиясының қалалық филиалының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаевпен тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдадық. Алдын-ала жазылу арқылы 10 тұрғынның мәселесін тыңдап, шешімін қарастырдық. Негізгі сұрақтар тұрғын үй, жұмысқа орналасу, қаланы көгалдандыру, коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала және жер […]
Пікір қалдыру