Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Қошқар-ата, Шымкент, Гүлдеурін-1 су арналарына күнделікті тазалау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Аталған су арналарының тазалау жұмыстарына жауапты «Фараб құрылыс» мердігер мекемесінен жалпы саны 40 қа жуық жұмысшы 5 техника (3 экскаватор, 2 КамАЗ) жұмылдырылды. Жоғарыда көрсетілген басқарма теңгеріміндегі 6 су арналарынан күнделікті 40 куб (40 тоннаға жуық) қоқыс шығарылуда.
«Тазалық – саулық кепілі» деген сөз ешқашан өзектілігін жоймақ емес. Әсіресе, қазіргідей адамзаттың тұтынушылық деңгейі артып, тұрмыстық қалдығы көбейіп тұрған заманда өзіміз өмір сүріп жатқан ортаның, елді мекеннің тазалығын сақтауға әрбіріміз мүдделі болуымыз керек. Олай болса, Шымкент қаласының тазалығы әр тұрғынның ішкі мәдениетінің көрсеткіші, өркениеттілігіміздің өлшемі деуге болады.
Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Күн сайын көркейіп келе жатқан Шымкенттің ажары оның тазалығына да байланысты.
Абай ауданында қысқы кезеңге дайындық толық жүргізілді. Қала әкімдігі мен коммуналдық қызметтер тарапынан барлық қажетті шаралар уақытында қабылданып, қысқа даярлық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында барлық қажетті ресурстар мен техника қамтамасыз етілді. Бұл тұрғыда, қар тазалау […]
І санатты дәрігер Гүлжанат Маханбетәліқызы Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде меңгеруші қызметін атқарады. Дәрігер-педиатр ел аумағында «COVID 19» індетіне байланысты төтенше жағдай енгізілгелі өзге әріптестері сынды күшейтілген режимде тынымсыз еңбек етіп жүр. […]
Шымкент қаласында да короновирус инфекциясын жұқтырғандар азайып кеткен жоқ. Сондықтан да мамандар қауіптің алдын алу туралы ескертеді. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 13 558 азаматтың коронавирус індетін жұқтырғаны анықталған. Соның ішінде 8531 науқас аты жаман аурудан […]
Пікір қалдыру