Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының «Сауран» және «Бекзат» секторы тұрғындарымен кездесуіне жүздеген адам жиналды. Қала басшысы тұрғын алаптардағы электр желісі, кәріз жүйесі, көгалдандыру, қоғамдық көлік пен білім саласына қатысты бірқатар мәселелерді тыңдады.
Кездесуге жауапты қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары, тиісті бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Аталған тұрғын алап халқы жақын маңайдан мектеп пен емхана қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, мұндағы тұрғындарды көшелердегі көгалдандыру жұмыстары мен қаңғыбас иттерден келетін қауіп те алаңдатады. Сонымен қатар, кәріз жүйесін ретке келтіріп, көшелерге асфальт төсеп, бағдаршам орнатуды сұрайды. Халықтың талап-тілегін тыңдаған Әзімбек Пазылбекұлы тиісті мекеме басшыларына ескерту жасап, мәселені шешуге тапсырма берді.
Айта кетейік, осыған дейін Әзімбек Пазылбекұлы «Бірлік», «Отырар», «Шауғар», «Яссы» секторы тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдаған болатын.
Түркістан қаласының жер көлемі – 22,4 мың гектар. 2024 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша халық саны 233 533 адам. Оның экономикалық белсендісі 87873 адам. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан өңірінің аудан, қалаларын дамыту жұмыстары […]
Түркістан қаласы тұрғындарын жоғары жылдамдықты талшықты-оптикалық интернет желісімен толықтай қамтамасыз ету үшін «Қазақтелеком» АҚ 1 млрд. теңге инвестиция салып, жалпы 91 үйге интернетпен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысының бекітілген […]
Жаз мезгілінің басталуымен бірге Түркістан қаласы мен облысы аумағында балалардың сауықтыру және демалыс шараларын тиімді ұйымдастыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей тапсырмасымен жазғы лагерьлердің қауіпсіздігі мен жұмыс сапасына ерекше назар аударылып отыр. […]
Пікір қалдыру