Түркістандық БЖМОФМ футболдан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
Алматы облысы Қонаев қаласында өткен бәйгеде 14 жастағы жасөспірімдер жарысқан болатын.
Топтық кезеңде жерлестеріміз Қостанай, Талдықорған, Шымкент және Петропавл командаларын айқын басымдықпен озып, жартылай финалда жамбылдықтарды 0:2 ұпаймен жеңді.
Ал мәре сәті финалда Алматы облысы құрамасымен түсіп, тартысты ойын көрсетіп жүлделі екінші орынға жайғасты.
Одан бөлек, чемпионатта команданың екі ойыншысы атап айтқанда, Әмірәлі Бектөре- Үздік жартылай қорғаушы, Аман Рахман- Үздік шабуылшысы атанды.
Елішілік жарыста жарқын жеңісімен қуантқан командаға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев шаһар басшысының құттықтауын жеткізіп, арнайы алғыс хатын табыстады. Ізгі тілегін айтып, жеңіс тіледі.
«Қазақстан балалары» ұлттық тұжырымдамасы аясында елімізде 25 мамыр – «Балалар үні» күні ретінде кеңінен аталып өтуде. Бұл күн балалардың ойы мен ұсыныстарын тыңдап, олардың дамуына қажетті жағдайлар жасауға бағытталған ерекше мереке. Осыған орай Түркістан облысында […]
Түркістан қаласында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік кірістер, білім саласы және салық органдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралып, қала дамуындағы […]
Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы археологиялық мұражай паркін құрудың жалғасы ретінде заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасауға мүмкіндік беретін нысандар салынады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Қызықты әрі маңызды […]
Пікір қалдыру