Грекия елінің Корфу қаласында 10-14 қазан күндері ересектер арасында гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионаты өтті. Жаһандық додада Түркістан облысының саңлақтары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль қанжығалады.
Жұлқи көтеру әдісінде 63 келіде ел намысын қорғаған Бағжан Байдуллаев өзінің мықтылығын көрсетіп, алтын медаль алды. Ал 78 келіде Ерасыл Қуаныш қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ, серпе көтеру әдісінде 73 келіде күш сынаған Қобыланды Орынбасаров пен 95 келіде өнер көрсеткен Бақдаулет Шынтанов қола жүлдегерлер қатарынан көрінді. Тартысқа толы әлем біріншілігінде эстафеталық сында Қобыланды Орынбасаров пен Нұрбатыр Тұрғанбай күміске қол созды. Осындай аламанда ұзын циклда Ерасыл Қуаныш 78 келіде бақ сынап, қарсылас шақ келтірмесе, осы сында Қобыланды Орынбасаров қола медальді місе тұтты.
Облыс орталығында жасөспірімдер арасында түрлі дәрежедегі спорттық сайыстар жүйелі ұйымдастырылуда. Жарыс қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының ұйымдастыруымен жасалды. Кезекті қала біріншілігі жасөспірімдер арасында гандболдан өтті. Екі күнге созылған жарыста 11-13 жас аралығындағы спортшылар қатысты. […]
Түркістан қаласы тұрғын үй құрылысы саласында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыруда. 2025 жылы қалада 944 пәтерлі 11 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілу жоспарланған. Жыл басынан бері 348 […]
Түркістан қаласындағы мәдени-тарихи нысандарды дамыту бағытында салынған «Түркістан тарихи-этнографиялық орталығындағы» тарихи-мәдени жәдігерлердің орны бөлекше. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ашылған бұл орталықтың туристерге берер тәлімдік-танымдық маңызы зор. Бүгінде бұл орталық ғимараты қала әкімдігіне ауысып, жаңадан «Ұлы Дала Елі» […]
Пікір қалдыру