ТҮРКІСТАНДА ТРИАТЛОННАН ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЗИЯ КУБОГІ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы Олимпиадалық стандартқа сай салынған ескек есу каналында триатлоннан элиталық және жастар арасында Азия кубогі мен ел кубогі сарапқа салынды. Төзімділікті талап ететін спорт түріне атлеттер жоғары дайындықпен келген. Тартысты өткен сайысқа Сингапур, Иран, Белоруссия, Германия, Өзбекстан, Қырғыстан елдерімен қатар Қазақстаннан барлығы 36 спортшы қатысып, бас жүлдеге таласты. Екі категория бойынша өткен жарыста жастар және элиталық болып бақ сынады.
Қорытындысында элиталық жарыс бойынша ерлер арасында Белоруссия үміті Микита Катсиянеу қара үзіп, дара шығып, бас жүлдені иеленді. Ал Қазақстанның намысын қорғаған Темірлан Теміров 2-орында болса, өзбекстандық Жереми Хуиндос үштікті қорытындылады. Сондай-ақ, элиталық әйелдер арасында өзбекстандық Алина Хакимова 1-орынды иеленсе, 2-орыннан Германия елінің өкілі Софие Гиевманн көрінді. Ал сингапурлық Лоуиса Мария Миддледич 3-орынмен келді.
Жастар арасында үш орынды да Отандастарымыз иеленді. 1-орын Али Жанат, 2-орын Қуаныш Бекенов, 3-орын Никита Дубинскаяда. Ал қыздар арасында да үш орынды да қазақстандық арулар еншіледі. Атап айтсақ: 1-орын Диана Ержанова, 2-орын Анель Иссабаева, 3-орын Юлиана Петроваға бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы келіп, құттықтап, марапаттады. Жарысты Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жоғары дәрежеде ұйымдастырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*