Түркістан қаласындағы теннис кортында «Turkistan Open 12 & under» республикалық ашық турнирі басталды. Үлкен теннистен ұйымдастырылған спорттық додаға еліміздің бірқатар өңірлерінен іріктелген 76 спортшы қатысып, апта бойында өзара мықтыларын анықтайды.
Теннис спортын облыс көлемінде дамыту мақсатында өтіп жатқан жарыстың салтанатты ашылу рәсімі де жоғары деңгейде өтті. Іс-шарада сөз алған Түркістан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы генерал Болат Қалмұрзаев, Түркістан облысының сотының төрағасы Айдос Сұлтанов, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев жарысқа қатысушы спортшыларды құттықтап, баршасына сәттілік тіледі.
Теннис спортының негізгі екі турі бар: үлкен және стол теннисі. Теннис ойынын кейде «қалақшамен билеу» деп те атайды. Теннис спортынан өткен алғашқы ең үлкен Халықаралық жарыс Англияның Уимблдон қаласында 1877 жылы өткізілді. Жиырмасыншы ғасырдың ортасында жылдардан бергі уақытта спорттың аталмыш түрі Қазақстанда дамып, тамырын тереңге жібере бастаған. Қазақcтан тәуелсіздікке қол жеткізген тұста қазақстандықтар арасында теннис қалақшасын сауатты меңгерген спортшылар некен-саяқ еді. Қазіргі таңда спорттың бұл түріне қызығушылар саны күн санап артып келе жатқаны көңіл қуантады. Теннис спорты спортшыны жылдамдылық пен тәуекелділікке тәрбиелейтін ерекше ойын. Сондай-ақ дене бітімінің барлық бөлігі шынығады.
Жарысқа қатысушы командалар қатарында Ақтөбе облысы, Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай облысы , Атырау облысы, Талдықорған, Көкшетау, Түркістан облысының құрамалары бар.
Түркістанда Кітапханашылар күніне орай «Махаббатым – кітап, мамандығым – кітапханашы» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев ашып беріп, барша жиналған кітапханашыларды кәсіби мерекемен құттықтады. –Бүгінде облыстың кітапхана саласы қарқынды […]
Таиландтың астанасы Бангкокта өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақтың дарынды ұл-қыздары көк туымызды биікке көтеріп, ел абыройын асқақтатты. Халықаралық додада желбіреген мемлекеттік байрағымыз – жас спортшыларымыздың қайсарлығы мен табандылығының, ел намысын қорғауға деген адалдықтың айқын […]
Түркістанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Достық үйі» ғимаратының құрылысы жүруде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Жаңа қала» аумағын жаяу аралап, аталған ғимараттың құрылыс жұмыстарын көрді. Нысанның кірпіші қаланып, сыртқы инженерлік желілері толық жүргізілген. […]
Пікір қалдыру