Түркістан қаласындағы теннис кортында «Turkistan Open 12 & under» республикалық ашық турнирі басталды. Үлкен теннистен ұйымдастырылған спорттық додаға еліміздің бірқатар өңірлерінен іріктелген 76 спортшы қатысып, апта бойында өзара мықтыларын анықтайды.
Теннис спортын облыс көлемінде дамыту мақсатында өтіп жатқан жарыстың салтанатты ашылу рәсімі де жоғары деңгейде өтті. Іс-шарада сөз алған Түркістан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы генерал Болат Қалмұрзаев, Түркістан облысының сотының төрағасы Айдос Сұлтанов, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев жарысқа қатысушы спортшыларды құттықтап, баршасына сәттілік тіледі.
Теннис спортының негізгі екі турі бар: үлкен және стол теннисі. Теннис ойынын кейде «қалақшамен билеу» деп те атайды. Теннис спортынан өткен алғашқы ең үлкен Халықаралық жарыс Англияның Уимблдон қаласында 1877 жылы өткізілді. Жиырмасыншы ғасырдың ортасында жылдардан бергі уақытта спорттың аталмыш түрі Қазақстанда дамып, тамырын тереңге жібере бастаған. Қазақcтан тәуелсіздікке қол жеткізген тұста қазақстандықтар арасында теннис қалақшасын сауатты меңгерген спортшылар некен-саяқ еді. Қазіргі таңда спорттың бұл түріне қызығушылар саны күн санап артып келе жатқаны көңіл қуантады. Теннис спорты спортшыны жылдамдылық пен тәуекелділікке тәрбиелейтін ерекше ойын. Сондай-ақ дене бітімінің барлық бөлігі шынығады.
Жарысқа қатысушы командалар қатарында Ақтөбе облысы, Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай облысы , Атырау облысы, Талдықорған, Көкшетау, Түркістан облысының құрамалары бар.
Мереке қарсаңында заманауи үлгідегі көпфункционалды ашық аспан астындағы амфитеатрдың ашылуына орай, қала әкімі, зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары шаһардағы белсенді жастармен кездесті. Жиында сөз алған қала басшылығы жастардың үлкен күш екенін атап өтті. Дегенмен […]
Түркістанда би жанры бойынша «TurkiSTAR» балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық өнер фестивалі өтті. «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде қатарынан екі күн бойы жалғасқан байқау Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлер тарапынан ұйымдастырылған үйірмелер арасында өткен […]
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Әлем біріншілігі Қазақстан сурдо дзюдо федерациясы мен Қазақстан Сурдлимпиада комитетінің ұйымдастыруымен өткізілмек. Аталған федерация мәлім еткендей, әлем чемпионатына 25 елден 200 спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазақстан тарапынан 22 дзюдошы […]
Пікір қалдыру