Футболдан Қазақстан премьер-лигасының ХІІІ туры өтті. Түркістан облысының «Тұран» командасы мұнайлы өлкенің «Атырау» клубын қабылдады. Сарапшылар бұл матчта атыраулықтар басым түседі деп болжаған. Бірақ түркістандықтар барлық мәселе жасыл алаңда шешілетінін дәлелдеді.
Ойынның 14-минутында Цуцкич есеп ашып алаң иелерін алға шығарды. Ал 45-минутта Бен Чуг есепті еселейтін мүмкіндіктті мүлт кетірді. Ол пенальти соға алмады. Екінші таймда атыраулықтар ойын тізгінін қолға алып жиі шабуылдады. «Тұран» сәтті қорғана отырып, қарымта шабуылдарға шықты. Кездесудің 96-минутында Вака есепті 2:0-ге жеткізді. Қонақтар соңғы секундтарда бір доппен жауап қайырып, ойын 2:1 есебімен аяқталды. Осы маңызды жеңістен кейін «Тұран» ұпай санын 12-ге жеткізді. Осылайша «Тұран» командасы маңызды үш ұпайды еншілеп, турнир кестесінде біршама жағдайларын жақсартты. Енді тұрандықтар келесі ойынын сырт алаңда 13-ші шілде күні Шымкенттің «Ордабасы» командасына қарсы өткізді.
Түркістан қаласындағы футбол клубы 2003 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын 2021 жылдан бастап «Түркістан Аренада» өткізеді, сыйымдылығы 7000 адам. Команданың бас бапкері Ринат Мұратұлы. Айта кетейік, биылғы жылдың соңғы ойыны 3 қарашада өтеді деп жоспарлануда.
Еліміздің киелі де, қасиетті рухани астанасы — Түркістан облыс орталығы болғалы барлық жағына қарқынды дамып келеді. Оның бірден бір дәлелі бүгінгі Халықаралық деңгейде өтіп жатқан марафон. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыруымен Turkistan Marathon […]
Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Turkistan open media forum». Жаңа және дәстүрлі медиа: ынтымақтастықтың заманауи модельдері» атты форум өтті. Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен, облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өткен форум еліміздің бас […]
Тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына арналған жаңа 9 ойын және спорт алаңшалары салынып, халық игілігіне берілді. Осыған дейін қала басшысының халықпен кездесуінде тұрғындар […]
Пікір қалдыру