UEFA талаптарына байланысты 2024 жылдан бастап еліміздегі барлық стадионның астында жылу болуы керек. Ел стадиондарына деген талаптың күшеюіне орай UEFA-ның халықаралық талаптарына сай «Turkestan-Arena» стадионында жылыту және су бұру жүйелері орнатылды. Сондай-ақ алаң толық ауыстырылып, табиғи көгал төселді.
Жаңарған стадионда Қазақстан футбол федерациясы инспекциялау жұмыстары жақын күндері жүргізеді. Облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды стадиондағы жаңарту жұмыстарымен танысты. Жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берді.
Стадион алаңына Испанияда өндірілген жасанды көгал төселді. Жасанды төсем UEFA-ның барлық заманауи талаптарына сай келеді. 12 000 көрерменге арналған футбол алаңдары үшін халықаралық және ұлттық құрама командалары ойындарын ойнатуға рұқсат берілгенін ескерсек, «Turkestan-Arena» стадионына қосымша 5000 көрерменге арналған орындықтар қосу жоспарлануда.
Айта кетейік, «Тurkеstan-Аrena» орталық стадионында 2022 жылы спорттың бірнеше түрінен облыстық, қалалық іс-шаралар, жергілікті футбол клубтары ел біріншілігінде футбол ойындарын өткізген.
Стадион футбол алаңынан бөлек спорт кешенінің қызметін атқарады. Кешен бокс, гимнастика, йога, ауыр атлетика, тренажер, фитнес залдарымен жабдықталған. Мұнда барлық спорт үйірмелерде балаларға тегін сабақтар ұйымдастырылған. Қонақтарға ыңғайлы болу үшін батыс бөлігінде үлкен асхана, ал шығыс бөлігінде фудкордпен қамтамасыз етілген.
Өңірде туристерге оңтайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Түркістан қаласында жеке инвестиция есебінен «Қолөнер орталығы» жобасы қолға алынды. Бұдан бөлек Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы «Күлтөбе» ескі қалашығы абаттандырылады. Облыс орталығында аумағы 11,8 гектар жерге аквапарк, вилла аймақтары қамтылған бес жұлдызды қонақүй салу жөнінде келіссөз жүргізілді. Сондай-ақ шетелдіктер қызығушылығын ескеріп, ұлттық ойындарымызды және туризмді дамыту мақсатында 99,3 гектар аумаққа ипподром нысаны салынады.
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) аймақтармен байланыс жөніндегі өкілі Марат Такенов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл ҚФФ өкілдерінің өңірге алғашқы ресми сапары емес, алайда бұл жолғы кездесулер мен талқылаулар – ерекше маңызға ие. Сапар аясында […]
Абырой болғанда, өрт салдарынан қаза болғандар жоқ — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Тілсіз жаудың шығуына газ цистернасының жарылуы себеп болған, дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы Нұрғали Жүнісов. Түркістан облыстық ТЖД бастығының айтуынша, […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қалада салынып жатқан нысандарды аралап, алда жүзеге асатын жобалармен танысты. Алдымен қалалық Мәдениет үйінің құрылысын көрді. Нысан 2025 жылы тапсырылады деп жоспарланған. Өңір басшысы мердігерге жұмысты сапалы атқару керектігін ескертті. […]
Пікір қалдыру